Posted on

Talap» КЕАҚ және «DOSTI» инновациялық орталығымен бірлескен вебинарлар сериясы

WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионаттарына қатысушылар мен сарапшыларды даярлау сапасын арттыру мақсатында, «Talap» КЕАҚ – WorldSkills Kazakhstan Ұлттық қозғалыс операторы серіктесі – «DOSTI» инновациялық орталығымен бірлесіп, 2021 жылғы 11 және 12 наурызда «мобильді робототехника» және «заттар интернеті» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Kazakhstan сарапшылары мен қатысушыларына арналған тегін вебинарлар сериясын өткізді.

Вебинарларды: «мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша WSK бас сарапшысы – Хизметов Полат және «заттар интернеті» құзыреттілігі бойынша WSK бас сарапшысы Вафаев Абдулазизжон өткізді. 2 күн ішінде вебинарларға 200-ден астам адам қатысты.

Вебинарларда құзыреттіліктердің негізгі аспектілері, конкурстық құжаттаманы дайындау және ресімдеу, материалдық-техникалық жабдықтау және алаңдағы жұмыс мәселелері қаралды.