Posted on

«WorldSkills: қазіргі жағдайдағы басты бағыттар мен мәселелер республикалық» оқыту семинары»

WorldSkills Kazakhstan қозғалысының Ұлттық операторы «Talap» КЕАҚ Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан көпсалалы жоғары аграрлық колледжімен бірлесіп, «WorldSkills: қазіргі жағдайдағы басты бағыттар мен проблемалар» атты республикалық оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: қазіргі жағдайда WorldSkills қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарындағы ТжКБ ұйымдарының ынтымақтастығы.

Семинарға қатысушылар: «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының қызметкерлері, «Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқушылары, арнайы пәндер оқытушылары, ҚР ТжКББ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер.

«Talap» КЕАҚ өкілдері өңірлік чемпионаттарды өткізуге дайындық және EDUWSK жүйесін пайдалану туралы айтып, WorldSkills талаптары (стандарттары) бойынша демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесін түсіндірді.