Posted on

«Жас маман» жобасына қатысушы ТжКБ ұйымдарына арналған вебинар!

Үстіміздегі жылдың 11-наурыз күні «Talap» КЕAҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының басшысы Жанайдаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы «Жас маман» жобасына қатысушы ТжКБ ұйымдарына вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде 2020 жылы тартылған шетелдік әріптестің ұсыныстары негізінде әзірленген «Жас маман» жобасының жол картасын жүзеге асыру мәселелері  (шетелдік әріптестердің ұсыныстары негізінде жасалған ТжКБ ұйымдарының стратегиялық жоспарлырына өзгеріс ендіру, ТжКБ ұйымдарының халқаралық стандарттарға сәйкес бағалаудан өту бойыншы жол картасыны әзірлеу) талқыланды.