Posted on

Демонстрациялық емтиханға дайындық шеңберінде сарапшыларды оқыту

Ү.ж. 10 наурызда WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасы онлайн алаңда осы жылдың соңына дейін WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізуді жоспарлап отырған 72 колледждің сарапшылары үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда демонстрациялық емтиханды өткізу механизмі, СІЅ және EDUWSK-DEMO жүйесін қолдану талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша сарапшыларға одан әрі практикалық қолдану үшін EDUWSK-DEMO жүйесін пайдалану бойынша материалдар мен нұсқаулықтар ұсынылды.