Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

«Talap» КЕАҚ Педагогикалық шеберлік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Tехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу ерекшеліктері» және «CLIL, TBLT әдістемелерін және BOPPPS моделін интеграциялау негізінде арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту» бағдарламалары бойынша 4 топта ақылы негізде курстық оқытуды аяқтады. Оқыту нәтижесінде өздерінің жобалық жұмыстарын сәтті қорғаған тыңдаушылар сертификатталды.

Ақылы білім алуға сұраныстарды info@tvet.kz электронды поштасына жіберуге болатындығын еске саламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 8/7172/91-73-05, 8 775 480 7233 нөміріне хабарласуға болады.