Posted on

Техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын Кәсіптік стандарттар негізінде өзектендіру

Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған білім беру бағдарламалары оқу нәтижелеріне бағытталуы және тиісті кәсіби стандарттардың талаптарын ескеруі керек.

Қазіргі уақытта, оқыту мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестендіру мақсатында, «Talap» КеАҚ ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру жөніндегі Мемлекеттік тапсырманы орындауға кірісті. Жаңарту Кәсіптік стандарттар, Жаңа кәсіп атластары, WorldSkills стандарттары негізінде жүзеге асырылады.

Жаңартылған ҮОЖ ТжКБ оқу процесіне, модульдік оқыту технологиялары мен ECVET кредиттерінің бірлігіне негізделген, оқытудың кредиттік-модульдік жүйені, сондай-ақ білім беру ұйымдарының академиялық дербестігін енгізуді ескереді.

217 мамандық пен 643 біліктілік бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Бұл жұмысқа 55 Оқу-әдістемелік бірлестіктер қатысады. Біліктілік бейіні бойынша мамандарды және жұмыс берушілерді тарту міндетті болып табылады.