«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының екі топ педагогтері үшін «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру» және «WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» бағдарламалары бойынша ақылы түрде 36-сағаттық онлайн курстық оқытуды аяқтады.
Оқыту қорытындысы бойынша курс тыңдаушылары өздері орындаған жұмыс жобаларын сәтті қорғады.
Ақылы білім алуға өтінімдерді info@tvet.kz электронды поштасына жіберуге болатындығын еске саламыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Фазылбаева Ж.С – 87172-91-73-05, 8 775 480 7233
нөміріне хабарласуға болады.