Posted on

Павлодар қаласының «электроника және коммуникациялар жоғары колледжін» демонстрациялық емтихан өткізуге дайындау

Ағымдағы жылдың 1 наурызында WorldSkills қозғалысын дамыту департаменті Павлодар қаласының «жоғары электроника және коммуникациялар колледж» қызметкерлерімен 1108000 «темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан өткізу үшін БҚК әзірлеу бойынша жиналыс өткізді. Кеңес барысында, WorldSkills чемпионаттық қозғалысында осы құзіреттіліктің болмауына байланысты, колледж қызметкерлері кәсіптік стандарттар мен жұмыс берушілердің технологиялық карталары негізінде «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің консультациялық-әдістемелік сүйемелдеуімен WorldSkills талаптары бойынша түлектер үшін өзекті демонстрациялық емтихан тапсырмаларын әзірлейді.