Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу және әдістемелік процестерді ұйымдастыру мен іске асырудағы жаңа мүмкіндіктер

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Talap» КЕАҚ оқу-тренингтік орталығының директоры Д.Т.Түменбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College» және Атырау, Қызылорда және Алматы облыстарының Білім беру басқармаларымен ұйымдастырылған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу және әдістемелік процестерді ұйымдастыру мен іске асырудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты.

          Семинар жұмысында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтары мен «Zhansugurov College» жобалық кеңсесінің жұмыс тобының мамандары республика колледждерінің педагогтерімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асырудың инновациялық әдістері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

          Дина Темірланқызы өз сөзінде Заңдарға енгізілген негізгі түзетулерге тоқталды, сонымен қатар семинарға қатысушылардың назарын педагогтертің осы жаңалықтарды іске асырудағы рөліне және олардың кәсіби дамуына аударды.