Posted on

«Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлерін қайта сертификаттау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлері!

          «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «штаттан тыс Тренерлерінің мәртебесін беру және өндіріс мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге тарту қағидаларының» 2-тарауының 20-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), (Қағидаларды жүктеу), «Talap» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) штаттан тыс тренерлерін (бұдан әрі – Тренер) қайта сертификаттауды жүргізетіні туралы хабарлайды.

          Қайта сертификаттау – тренерлік қызметті растау процесі.

          Қайта сертификаттаудың мақсаты: Қоғам Тренері сертификатының жарамдылық мерзімін 2 жылға ұзарту.

          Кезең: қайта сертификаттау жылына 1 рет жүргізіледі.

          Құжаттарды қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 1-10 наурыз аралығын қоса алғанда.

          Қатысушылар санаты: жарамды немесе жарамсыз, жарамдылық мерзімі өткен

сертификаттары бар Қоғамның барлық Тренерлері.

          Қайта сертификаттау рәсімі.

          Қайта сертификатталуға үміткерлер talap_2021@list.ru электронды поштасына келесі құжаттарды ұсынады:

  • тренер мәртебесін беру және өндіріс мамандарын тарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) төрағасының атына үлгі бойынша өтініш (үлгіні жүктеу);

2)   Қағидалардың 2-тарауының 5-тармағында көрсетілген құжаттар;

3)    Тренер сертификатының жарамдылық кезеңінде курстық оқыту кезінде Тренер қолданған, өзі әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар. Ұсынылған құжаттардың әрқайсысы пайдалану күнін көрсете отырып, Тренердің жеке қолымен расталуы керек;

4)    Тренер сертификатының жарамдылық кезеңінде өзінің тренерлік қызметін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер, тренингтер, курстар, семинарлар, вебинарлар және т.б.). Аталған құжаттар Тренер ретінде өздігінен білім алу/біліктілігін арттыру туралы куәландырады.

5) Барлық құжаттар Тренердің жеке поштасынан жіберілуі керек.

6) Тренер жіберетін хаттың тақырыбында автордың тегі мен аймағы (қала, облыс) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Курстардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысқан Тренерлерге біліктілікті арттыру, Білім және ғылым министрлігі, Қоғам ұйымдастырған іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қайта сертификаттау қорытындысын Комиссия ағымдағы жылдың 31 наурызында шығарады. Комиссия шешімі туралы хабарлама әрбір Тренердің жеке электрондық поштасына жіберіледі.

Байланыс телефоны: 8 /775/ 763 18 02