Posted on

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ-мен ынтымақтастық»

2021 жылғы 25 ақпанда «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің қызметкерлері «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ мүшелерімен онлайн кездесуге қатысты.

Онлайн кездесу барысында машина жасау секторындағы WorldSkills қозғалысын дамыту аясындағы өзара ынтымақтастық өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Talap» КЕАҚ тарапынан бірлестік мүшелеріне WorldSkills салалық чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу кезінде консультациялық-әдістемелік сүйемелдеу ұсынылды.