Posted on

WorldSkills Asia 2021 оқытуы және чемпионаты

2020 жылы өткізілген онлайн-оқытудың сәтті болуының арқасында WorldSkills Asia Хатшылығы IT құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Asia Online Friendly Competition 2021 чемпионатын (достас онлайн чемпионат) жариялады.

Чемпионат ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында өтеді. Чемпионаттар алдында ақпан-сәуір айлары аралығында сарапшылар үшін онлайн-оқыту өткізіледі. Онлайн-оқытудың мақсаты-алдағы онлайн-чемпионатқа сарапшылардың дайындығын қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта «ҰҰА басқару» құзыреттілігі бойынша оқыту басталды.

Қазақстан WorldSkills Asia 2021 онлайн чемпионатына келесі құзыреттіліктер бойынша қатысуды жоспарлап отыр: Бизнеске арналған IT шешімдер, ҰҰА басқару, мобильді робототехника, CAD инженерлік графикасы, веб дизайн және әзірлеу, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн.