Бүгін «Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының екі топ педагогтері үшін «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру» (20 педагог) және «WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» (20 педагог) бағдарламалары бойынша ақылы түрде 36-сағаттық онлайн курстық оқыту бойынша жұмыс жүргізе бастады.
Ақылы білім алуға өтінімдерді info@tvet.kz электронды поштасына жіберуге болатындығын еске саламыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 775 480 7233 нөміріне хабарласуға болады.