Posted on

«Жас маман» жобасының Жол картасын жүзеге асыру

Бүгін «Talap» КЕАҚ жобаны үйлестіру және әріптестік департаментінің директоры Н.Д. Жанайдаров Қостанай облысының «Жас маман» жобасына қатысатын ТжКБ ұйымдарының басшыларымен және білім басқармасының өкілдерімен ВКС форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес бағалаудан өту және «Talap» КЕАҚ әдістемелік ұсыныстарына сәйкес ТжКБ ұйымының стратегиялық жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды.