Posted on

WorldSkills Kazakhstan сарапшыларын «жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша оқыту

«Talap» КЕАҚ – WorldSkills Kazakhstan қозғалысының ұлттық операторы SENSYS Engineering Kazakhstan компаниясымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 16-18 ақпан аралығында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Worldskills Kazakhstan қозғалысын дамытатын арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін оқытады.

Семинар аясында оқытуды басқарудың заманауи жүйелерінің мүмкіндіктері, LCMS Electude көмегімен интерактивті, геймификацияланған сабақтар мен жарыстарды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ ELECTUDE пайдалана отырып, бағдарламалау дағдылары жоқ оқу интерактивті модульдерін құру талқыланады.

Оқу аяқталғаннан кейін практикум және қорытынды емтихан өткізіледі. Колледждерге LMS Electude мүмкіндіктерімен 2 айға дейін сапалы танысу үшін сынақ мүмкіндігі беріледі.

Оқу бағдарламасын 85% – дан төмен емес сапамен сәтті аяқтаған тыңдаушылар сертификатталып, SENSYS Engineering Kazakhstan аккредитациясына ие болады және студенттерді автомобиль техниктері мен ELECTUDE инженерлерін оқытуды басқарудың халықаралық жүйесін пайдалана отырып оқыта алады.