Posted on

Білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IV облыстық жәрмеңкесінде «Talap» КЕАҚ қызметкерлерінің сөз сөйлеуі

Бүгін «Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК дайындаған білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IV облыстық жәрмеңкесінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, «Talap» КЕАҚ жобаларды үйлестіру және әріптестік Департаментінің Директоры Н.Д. Жанайдаров 245 қатысушыға арналған құттықтау сөзімен және «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің бас менеджері А.А. Есдавлетова «WorldSkills қозғалысы. Студенттер мен оқушылар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту» №2 пікірталас алаңында сөз сөйледі.

Жұмыс барысында ТжКБ-да кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.