Posted on

«Колледж басшылары үшін заманауи көшбасшылық: дамудың жаңа бағыттары» вебинарына қатысу

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының «Колледж басшыларына арналған заманауи көшбасшылық: дамудың жаңа бағыттары» облыстық вебинарында «»Worldskills талаптарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандар өткізу туралы» тақырыбымен сөз сөйледі.

Қызметкерлер Worldskills талаптарын ескере отырып, колледждерде демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ демонстрациялық емтихандарға дайындық мүмкіндіктері мен кезеңдері бойынша түсініктемелер берді.

Вебинарға 41 адам қатысты.