Posted on

Білім Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жайында (ТжКБ бөлімі бойынша)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына техникалық және кәсіптік білім білім беру жүйесі бойынша енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар осы бағытта білім беретін мекемелердің жұмысына үлкен қолдау болды.
Мысалы, Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес колледждер ақылы қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл колледжде білім алушылардың шеберлігін шыңдап, мамандығына деген қызығушылығын арттырып, сұранысқа ие маман ретінде жұмысқа орналасуларына, кәсіпкерлікпен айналысуларына серпіліс береді.
Бұл өз кезегінде колледжердің, сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жас маман» жобасының аясында заманауи құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген колледждердің (2020ж. – 80 колледж, 2021ж. – 100 колледж) бәсекеге қабілеттілігін артырады.
«Talap» КЕАҚ Президенті
С.Құрманбекова