Posted on

WorldSkills Shanghai 2022 2022 жылдың 12-17 қазанында өтеді

2021 жылдың қыркүйегіне Қытайдың Шанхай қаласында жоспарланған WorldSkills 46-шы чемпионаты күндері 2022 жылдың 12-17 қазанына белгіленді. Өткен жылдың қараша айында WorldSkills International Covid-19 пандемиясына байланысты чемпионатты бір жылға ауыстыратыны туралы хабарлаған.

Өткізілетін мерзімін өзгерту туралы шешім қатысушыларға әсер етпеуі үшін, WorldSkills Бас Ассамблеясы чемпионатқа қатысудың жас өлшемдерінің бір реттік өзгерісін бірауыздан бекітті. Егер қатысушы жасы бойынша WorldSkills 2021 чемпионатына қатысуға жіберілсе, онда ол 2022 жылы қатысуға құқылы.

Сондай-ақ, жарыспен қатар өтетін WorldSkills конференциясы 2022 жылы
13-14 қазанда бүкіл әлемнің білім беру, Үкімет, бизнес және өнеркәсіп көшбасшыларын жинайтыны келісілді.

«Іс-шараны өткізудің белгіленген мерзімдері пандемиядан туындаған бұрын-соңды болмаған шектеулерді ескере отырып нақтыланды. Бұл кезең барлық мүдделі тараптарға аймақтық және Ұлттық чемпионаттарды өткізуге, қатысушыларды оқытуға және осындай қиын кезеңдерде өз миссиясын орындауға жеткілікті уақыт беретініне сенімдіміз», – деді WorldSkills International бас директоры – Дэвид Хоуи.