Posted on

EuroSkills чемпионаты өткізілетін мерізім анықталды!

WorldSkills Europe және EuroSkills Graz ұйымдастыру комитеті EuroSkills Graz чемпионатын 2021 жылғы 22-26 қыркүйекке ауыстырылғандығы туралы ресми түрде хабарлады.

Іс-шара бастапқыда 2020 жылдың қыркүйегіне жоспарланған болатын, бірақ Covid-19 пандемиясына байланысты екі рет кейінге қалдырылды. Алғашында 2021 жылдың қаңтарына, содан кейін белгісіз мерзімге қалдырылған болатын.

WorldSkills Europe пандемия басталғаннан бері өз мүшелерімен, чемпионатты ұйымдастырушылармен, серіктестермен және мүдделі тараптармен тығыз жұмыс істеуде және 2021 жылдың қыркүйегінде EuroSkills Graz өткізу үшін барлық ықтимал тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді азайту сценарийлерін қарастыруда.

EuroSkills Graz 2021 командасы кең ауқымды шараларды әзірледі және 2021 жылдың қыркүйегінде шараны өткізу үшін қолданыстағы ережелерге сәйкес Covid-19 алдын-алудың жан-жақты тұжырымдамасын жасауда.