Posted on

Бизнес пен білім берудің өзара іс-қимылы мәселелері бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшыларымен онлайн-кездесу

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмысы аясында а.ж. 2 ақпанында «Talap» КЕАҚ қызметкерлері жұмыс берушілер мен ТжКБ жүйесінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылау бойынша Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) экономистерінің командасымен ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Кездесу барысында қашықтықтан оқытуды іске асыруға жұмыс берушілердің қатысу мүмкіндіктері, құзыреттілік орталықтарын дамытудағы жұмыс берушілердің рөлі, гендерлік теңсіздік проблемалары және бизнес пен кадрларды даярлау жүйесінің өзара іс-қимылы саласындағы проблемалар қаралды.