Posted on

ТжКБ ұйымдарындағы демонстрациялық емтихан

Ағымдағы жылдың 1-2 ақпанында WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандарын өткізетін техникалық және технологиялық бейіндегі 72 колледж үшін ТжКБ оқу-әдістемелік бірлестіктерінің 212 оқытушысы мен қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді.

Оқыту семинарының шеңберінде WorldSkills талаптарын ескере отырып, бағалау құжаттамалары жиынтығын қалыптастыру бойынша мәселелер қаралды.