Posted on

«WorldSkills халықаралық стандарттары кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін тәуелсіз бағалау құралы» тақырыбындағы жобалау сессиясының қорытынды кезеңі

2021 жылғы 20 қаңтарда WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің қызметкерлері «WorldSkills халықаралық стандарттары кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін тәуелсіз бағалау құралы» тақырыбында жобалық сессияға қатысты.

Жобалау сессиясына қатысушылар «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Сантехника және жылыту», «Сән технологиялары», «Электромонтаж», «Шаштараз өнері», «Веб технологиялар», «Графикалық дизайн», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер» және «СББ бар станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills стандарттары мен ұлттық стандарттарды салыстырып, талдау жүргізді.

Сессияға 130-дан астам WorldSkills Kazakhstan сарапшылары мен қатысушылары қатысты. Сессия модераторлары ретінде WorldSkills Russia сарапшылары сөз сөйледі. Жобалық сессиялардың қорытындысы бойынша Еуразиялық кеңістік үшін бірыңғай кәсіби стандарттарды әзірлеу жоспарлануда.