Posted on

Сарапшыларды демонстрациялық емтихан бойынша оқыту

2021 жылғы 19 қаңтарда Worldskills қозғалысын дамыту департаменті ҚР колледждері үшін демонстрациялық емтихан өткізу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинарда емтихан топтарын қалыптастыру, бағалау құжаттамаларының жиынтығын әзірлеу, демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу кезеңдері бойынша ұйымдастыру мәселелері қаралды. Семинарға 100 адам қатысты.