Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастыру жолдары

2020 жылдың 11 желтоқсанында ТжКББ мазмұнын жаңарту департаменті тікелей эфирде ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Аталған вебинарда оқыту үдерісін цифрландыру, оқытудың баллдық-рейтингтік жүйесі кезінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін чек-парақтарды әзірлеу, қашықтықтан оқытуға арналған түрлі платформалардың мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ 2020 жылдың 22 желтоқсаны 2021 жылдың 22 қаңтар аралығында «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» бейіні бойынша ОӘБ өткізетін «Цифрлы ғасыр педагогі» атты байқау туралы ақпарат берілді.