Posted on

Қашықтықтан оқыту процесінде ТжКБ студенттердің өзіндік жұмысының тиімді шарттары

Бүгін «Talap» КЕАҚ-ның Оқу-тренингтік орталығы тікелей эфирде ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтықтан оқыту процесінде ТжКБ студенттердің өзіндік жұмысының тиімді шарттары» тақырыбында онлайн конференция өткізді.

Бұл іс-шарада СӨЖ жетістіктерінің психологиялық шарттары, түрлері мен құрылымы, мотивацияның негізгі түрлері, студенттердің өзіндік жұмысын технологиялық ұйымдастыруы қарастырылды.

Спикерлер ретінде өздерінің тиімді тәжірибелерімен бөліскен педагогтер: «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлері Адамбаева Г.С. – Алматы қ. «Didakt-kz» ЖШС басшысы, Намазова А.О. – «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және Салыбекова Ж.Ж. – «Қаратау құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы, сонымен қатар Кравченко Т.Н. «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы.

Конференция жазбасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://www.facebook.com/100004566362481/videos/1821104984718363/