Posted on

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ү.ж. 9 желтоқсанында «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің қызметкерлері «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріске көшу жағдайында ғылым,білім және өндіріс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты.

Конференцияда зерттеушілер мен практиктердің қатысуымен кадрларлар даярлау жүйесіндегі өзекті сұрақтар талқыланды.

Конференцияның дискуссиялық алаңында Қазақстан, Қытай, Германия, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінің білім беру саласындағы жетекші мамандары, ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының  өкілдері, колледж педагогтері өз ойларымен бөлісті.

Конференция барысында «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің директоры – Татибеков С.М.  «WorldSkills стандарттары мен методикасын ТжКБ оқу үрдісіне енгізу» тақырыбы бойынша баяндама жасады.