Posted on

Педагогтердің кәсіби құзіреттілігінің дамуын қамтамасыз ету

«Тalap» КЕАҚ оқу-тренингтік орталығы педагогтердің курстық оқытуда алған білім, білік, дағдыларын практикаға енгізу үшін республиканың барлық аймақтарында семинар-практикумдар өткізуде.

Біліктілікті арттыру курстарында оқыған Түркістан облысы колледждерінің педагогтерімен  «Методист E-Learning – прихоть или неизбежность» тақырыбында онлайн форматта кезекті семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері» атты ситуациялық талдаудан және «Мәселелер ағашын» толтырудан басталды.

Негізгі бөлімде алдын ала берілген тақырыптар бойынша пропоненттердің, оппоненттердің, дискутанттардың сөз сөйлеулері жұмыс топтарында жүргізілді.

Семинар-практикумға қатысушылар өзара әрекеттесу формаларын белсенді қолданды, мысалы, «Ярлык» рөлдік ойыны және Зайверттің бес саусақ әдісі.

Семинар-практикумға қатысу арқылы біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары алған білімдерін бекітіп, оны әрі қарай педагогикалық қызметте белсенді қолдануға үйренді.