Posted on

«APEC PetroTechnic Жоғары колледжі» ЖШС педагогтеріне арналған вебинар!

Бүгін (ү.ж. 10 қарашасы күні) «Talap» КЕAҚ WorldSkills қозғалысын дамыту Департаменті «APEC PetroTechnic Жоғары колледжі» ЖШС педагогтеріне арналған вебинар өткізді.

Вебинар шеңберінде WorldSkills талаптарын (стандарттарын) оқу процесіне енгізу, демонстрациялық емтиханды өткізу және WorldSkills чемпионатына қажетті құжаттамалар қалыптастыру бойынша сұрақтар талқыланды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар, бағалау критерийлері, CIS жүйесін пайдалану),сондай-ақ практикалық нұсқаулық берілді.