Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін талдау

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін зерделеу және проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында «Talap» КЕАҚ республиканың ТжКБ жүйесіне жан-жақты талдау жасады.

Талдау нәтижелері ү.ж. тамыз айында ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басқармасының бастығы, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету өңірлік департаменттерінің, білім басқармалары мен колледждер басшыларының қатысуымен өткен кеңестерде талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге, колледждерді бейіндеу және оңтайландыру бойынша өңірлердің жұмысын жандандыруға, ТжКБ ұйымдарының рейтингісіне қатысуға, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жобаларға оқытушылар мен студенттердің қатысу белсенділігін арттыруға, сондай – ақ мамандықтар бойынша лицензия беру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге колледждің бейінін ескеру туралы өзгерістер енгізу ұсынылды.