Posted on

Орта деңгейдегі әскери мамандарды даярлауға әдістемелік көмек

«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізуді жүзеге асыруда тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетуде.
ТжКБ мазмұнын жаңарту департаменті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің Орта, техникалық және кәсіптік білім басқармасымен ынтымақтастық орнатқан.
Қорғаныс ведомствосының басым бағыты – кәсіби кадрлар даярлайтын әскери оқу орындарын дамыту. Қарулы Күштерді орта буын мамандарымен қамтамасыз ету үшін негізгі орта білім негізінде ТжКБ бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында әскери мамандарды даярлауды ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.
Ынтымақтастық шеңберінде «Talap» КЕАҚ білім беру деңгейлерінің интеграциясын ескере отырып, модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген үлгілік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.