Posted on

Пресс-релиз

Секция отырысының №6 пікірсайыс алаңының тақырыбы уақыт талабына сай – «WorldSkills Kazakhstan платформасы – ТжКБ жүйесіндегі біліктілік пен кәсіби шеберлікті дамыту негізі». Өтетін күні – 14 тамыз, уақыты 14.00 – 17.00.
Пікірсайыс алаңына менеджерлер, оқытушылар, ТжКБ ұйымдарының басқа өкілдері, «Talap» КеАҚ өкілдері, WorldSkills Kazakhstan сарапшылары және халықаралық сарапшылар, кәсіпкерлер қатысады.
Тақырыптық платформа кәсіби шеберлікті дамыту үшін WorldSkills құралдарын пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік береді.
Пікірсайыс алаңына қатысушылар WorldSkills стандарттарына сәйкес болашақ мамандарды экономика салаларына дайындау аспектілерін, пандемия жағдайында WorldSkills қозғалысының дамуын, WorldSkills аймақтық чемпионаттарын өткізу тәжірибесін талқылайды және WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарын өткізуге бизнес-қауымдастықтың қолдау мүмкіндіктерін қарастырады.
Мәселен, «DMG MORI» академиясының басшысы (Ресей), WorldSkills халықаралық сарапшысы және «WorldSkills Shanghai 2021» чемпионатының бас сарапшысы Илья Геннадьевич Тонких WorldSkills стандарттарына сәйкес машина жасау саласының болашақ мамандарын даярлау туралы әңгімелейді.
Сондай-ақ спикерлер Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының одан әрі дамуына назар аударады.
Талқылау барысында адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, WorldSkills құралдарын қолдана отырып, ТжКБ оқыту жүйесін жетілдірудің тәсілдерін әзірлеу және оның беделін көтеру үшін Қазақстандағы WorldSkills қозғалысын одан әрі кеңейту үшін халықаралық ынтымақтастық аймағын кеңейту туралы шешім табылады деп күтілуде.
Біз сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan қозғалысына және ТжКБ кадрларын даярлау жүйесіне қызығушылық танытқандардың барлығын қоса, мүдделі тараптарды конференцияға қатысуға шақырамыз.
Анықтама үшін:
1946 жылы дүниеге келген WorldSkills қозғалысы WorldSkills қатысушы 83 елде кәсіби дайындық стандарттарын көтереді және кәсіби шеберлікті бағалау мен дамытуға, кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және экономикалық өсу мен жеке жетістікке жету үшін құзыреттіліктің маңыздылығын көрсетуге бағытталған.
2014 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills International (WSI) толыққанды мүшесі болды. Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы – «Talap» КеАҚ.