Posted on

Пресс-релиз

Секция отырысы аясындағы №4 пікірсайыс алаңы «ТжКБ жүйесі мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдері» тақырыбы да сұранысқа ие. Өтетін күні – 13 тамыз, уақыты – 15.00 – 17.00.
Пікірсайыс алаңының жұмысына оқу-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, ТжКБ ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, «Talap» КеАҚ өкілдері мен штаттан тыс жаттықтырушылар қатысады.
Мысалы, «НЗМ» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығы директоры Қабдыкаримова Жанбота Жетілбекқызы ТжКБ ұйымдарының жалпы білім беру пәндері оқытушыларының білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық шеберліктерін жетілдіру туралы айтып береді. «Бөбек» ҰҒПБСО Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары Гүлнәз Үсенқызы Сағымбаева онлайн оқытудың көптеген басқа аспектілерін ашады.
Талқылауға шығарылатын мәселелердің бірі – интерактивті, белсенді және интернет технологияларын қолдану арқылы оқытушылардың біліктілік қабілеттерін дамыту.
Диалог алаңы жоғары сапалы кәсіби білім берудің негізі ретінде оқытушының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, педагогтердің оқу үрдісінде жаңа тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдану сияқты процестерді жандандыру, сонымен қатар ТжКБ жүйесі педагогтердің оқыту сапасын жақсарту үшін қажетті құзіреттілігін игеруге көмегін тигізеді.