Posted on

Пресс-релиз

Бүгінгі таңда секциялық отырыс аясындағы №3 пікірсайыс алаңының «ТжКБ жүйесіндегі қашықтан технологиялар: жаңа міндеттер» тақырыбы ерекше сұранысқа ие. Өтетін күні 13 тамыз, уақыты – 9.30 – 12.00.
Пікірсайыс алаңына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, шетелдік және әлеуметтік серіктестер, облыстық білім басқармаларының ТжКБ бөлімдерінің басшылары, «Talap» КеАҚ өкілдері, оқу-әдістемелік бірлестіктер, ТжКБ ұйымдарының басшылары, аймақтық директорлар кеңесі төрағалары, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары қатысады.
Цифровизация дәуіріндегі техникалық білімнің заманауи трендтері туралы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің Білім беру инновацисы және Smart-оқыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, техникалық ғылымдардың кандидаты, профессор, РЖҒА шетелдік академигі, АҚХА академигі Бақытжан Жаппарұлы Шәріпов айтып береді.
Әлеуметтік аспектке ерекше көңіл бөлінеді. Қарағанды техника-құрылыс колледжінің директоры Светлана Керімбайқызы Балабекова ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды қашықтықтан оқыту кезінде оқу процессін ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөліседі.
Пікірсайыс алаңының жұмысы ТжКБ саласындағы сарапшылар мен кәсіби практиктер арасында тәжірибе алмасу және білім беруді сандық түрлендіру бойынша шараларды талқылау, диалогтық кеңістікті құруға, қашықтықтан оқыту жағдайында ТжКБ дамыту перспективалары мен тәсілдерін анықтауға ықпал етеді.
Ол жаңа идеяларды анықтауға, сандық ортада ТжКБ дамытудың перспективалық бағыттарын анықтауға көмектесу үшін жасалған.
Нәтижелер негізінде қашықтықтан оқыту жағдайында ТжКБ жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және одан әрі инновациялық дамуын арттыру бойынша ұсыныстар жасалады.