Posted on

Біліктілікті арттыру курстары

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттіліктерін ескере отырып, ТжКББ мазмұнын жаңарту мақсатында 2016 жылдың 7-18 қарашасы аралығында ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының 87 инженер-педагог қызметкерлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының кредиттік технологияға өтуді ұйымдастырудың әдістемелік аспектілері» және «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізудің әдістемелік ерекшеліктері» бағдарламалары бойынша «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ы ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курстарының 2 –ші кезеңі Өскемен және Семей қалаларында өткізілуде.
Курсты «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ штаттан тыс тренерлері «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК және «Электротехника колледжі» КМҚК базасында өткізуде.

img-20161108-wa0004

img-20161108-wa0005

img-20161108-wa0006

http://ctipo.kz/kz/news/2-jetapkursovpovyisheniyakvalifikaczii.html