Posted on

WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионаттары жайлы

«Talap» КЕАҚ міндеттерінің бірі – WorldSkills Kazakhstan қозғалысының өңірлік желісін дамыту болып табылады. Осыған байланысты «Talap» КЕАҚ қызметкерлері Ақмола облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы және Қызылорда облысы өңірлік WorldSkills чемпионаттарына қатысты. Қызметкерлер білім басқармалары мен өңірлік ұйымдастыру комитеттерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.