«2022 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» жастары үшін үш маңызды басымдықты атап өтті: білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік, патриоттық сезім.

«Болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Жас қазақстандықтар бүгінде бірнеше тілде еркін сөйлейді және ең озық кәсіптерді игеруде. Олар болашаққа үлкен жоспарлар жасайды. Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ете отырып, жастарымыз бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Өз Отанына қажетті және пайдалы болуға деген ұмтылыс - әр жастың мақсаты болуы керек. Тек білімді және білікті жастар ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алады. Мемлекет жастардың жаңа идеялары мен ұсыныстарына әрқашан ашық», - деді Мемлекет басшысы.

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) дарынды жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және білімі, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында өткізіледі. 

Қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

Конкурс күнтізбелік жылдың қыркүйегінен қарашасы аралығында өтеді: 

10 қазанға дейін – аймақтардың білім басқармаларынан өңірлік кезеңнің 10 жеңімпаз студенттері көрсетілген өтінімдерді top100@tvet.kz электрондық поштасына бойынша қабылдау; 

11-31 қазан аралығында – Конкурс платформасына өңірлік кезеңнің 10 жеңімпаз – студенті жұмыстарын жүктейді және тексеруден өткеннен кейін материалдар жарияланады; 

1-15 қараша аралығында – Конкурс платформасында онлайн дауыс беру жүйесi iске қосылады; 

16-30 қараша аралығында – Онлайн дауыс беру нәтижелері шығады.