WorldSkills Kazakhstan cарапшылары үшін оқыту!

«Talap» КЕAҚ WorldSkills қозғалысын дамыту Департаменті ү.ж. жылдың 22 – 25 қыркүйек күндері Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарының 164 WorldSkills Kazakhstan сарапшыларына арналған  оқыту семинарларын өткізді. Семинарлар шеңберінде өңірлік чемпионатқа қажет құжаттамаларды  қалыптастыру бойынша сұрақтар талқыланды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар және бағалау критерийлері). Сонымен қатар халықаралық талаптарға сәйкес практикалық қолдану үшін CIS жүйесін пайдалану […]
Новостиworldskills

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Ғылым және практика: техникалық және кәсіптік білім берудің ...

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және коммуникация жоғары колледжі ұйымдастырған «Ғылым және практика: техникалық және кәсіптік білім берудің инновациялық даму тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Talap» КЕАҚ қатысты. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Қазақстан Республикасы мен Ресей […]
Новости

Инновациялық жұмыстардың витринасы

«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі ең үздік практик педагогтердің озық тәжірибелерін тарату және үздік инновациялық жұмыстардың жалпыға қол жетімді банкін құру мақсатында «Инновациялық жұмыстардың витринасы» жобасын өткізеді. Жобаның ережесіне сәйкес 2020 жылғы 21-30 қыркүйек аралығында жобаға қатысуға онлайн сұраныстар «Talap» КЕАҚ сайтында қабылданады.
Новостипроекты

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін талдау

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін зерделеу және проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында «Talap» КЕАҚ республиканың ТжКБ жүйесіне жан-жақты талдау жасады. Талдау нәтижелері ү.ж. тамыз айында ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басқармасының бастығы, Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету өңірлік департаменттерінің, білім басқармалары мен колледждер басшыларының […]
НовостиТиПО