«ҚР КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ»

Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының қатысуымен «Қазақстан Республикасы колледждердің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Жобаның барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!
ВидеоТоп 100

«Қазақстандағы Турин процесі – 2020» зерттеу нәтижелерін қорытындылау және оның ұсыныстарын әзірлеу ...

Ү.ж. 27 қарашасында «Talap» КЕАҚ «Қазақстандағы Турин процесі – 2020» зерттеу нәтижелерін қорытындылау және оның ұсыныстарын әзірлеу тақырыбы бойынша               онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, 17 өңірлік білім басқармаларының, әдістемелік орталықтардың және облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары колледждерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды: – Колледждердің оқу үрдісіне модульдік-құзыреттілікке негізделген […]
Новоституринский процесс

«Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?»

Ү.ж. 26 қарашасында Еуропалық білім беру қоры «Орталық Азияда қашықтықтан және цифрлық оқыту: білім беру қалай ұйымдастырылған?» семинарының екінші сессиясын өткізді. Семинарда ҚР БҒМ, «Talap» КЕАҚ, өңірлік білім басқармаларының өкілдері және Орталық Азия елдерінің басқа да мүдделі тараптары ТжКБ жүйесіндегі қашықтықтан оқытуды дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Жұмыс барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Латвия […]
НовостиСеминар

«Worldskills – кәсіби біліктіліктің сапасын арттырудың жолы» тақырыбындағы облыстық онлайн-семинар

2020 жылдың 26 қараша күні Жамбыл облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен №9 Меркі колледжінде онлайн режимде «WorldSkills – кәсіби біліктіліктің сапасын арттырудың жолы»  тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыстағы  колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар WorldSkills чемпионаттарының жеңімпаздары қатысып, оның ішінде өз кәсіптерін ашқандары тәжірибелерімен […]
Новостиworldskills

Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету

«Talap» КЕАҚ Оқу-тренингтік орталығы мен ТжКОБ мазмұнын жаңарту департаменті ТжКБ жүйесінің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ТжКБ ұйымдарында қашықтықтан оқытудың сапасын арттыруға бағытталған бірқатар вебинарлар өткізуді жоспарлады (Файлға сілтеме). Вебинарлар «Talap» КЕАҚ https://www.facebook.com/Kasipkor ресми Facebook парақшасында тікелей эфирде өтеді. Әр іс-шараның өтетін уақыты «Talap» КЕАҚ ресми Facebook парақшасында алдын-ала жарияланады  
НовостиСеминар