ТжКБ ұйымдары мен ЖОО іріктеудің басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «26» қарашадағы № 646 бұйырығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына» (бұдан әрі – Қағйдалар) сәйкес «Жас маман» жобасын іске қосу жарияланады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Жас маман» жобасының операторы болып КЕАҚ «Кәсіпқор»Холдингі» белгіленді.

Жобаның мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Қағидалардың 99-тармағына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өңірдің ТжКБ ұйымдарын және жабдықтарды іріктеу үшін өңірлік комиссиялар құрады.

Өтінімдер мен құжаттарды қабылдауды ТжКБ ұйымдарынан білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органдар және ЖОО-нан Оператор жүзеге асырады.

«Жас маман» жобасына қатысу үшін ТжКБ ұйымдары мынадай құжаттарды ұсынады:

– ТжКБ ұйымдарының кадрлар даярлау бейінінің 100 сұранысқа ие және жаңа мамандықтар (мамандықтар) тізбесіне сәйкестігін растау үшін лицензияның көшірмесі;

– Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес жасалған ТжКБ ұйымдарының таяудағы 5 (бес) жылға арналған стратегиялық даму жоспарының көшірмесі, оның ішінде мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша;

– өткен үш жыл ішінде (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда) мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша  ТжКБ ұйымы мен кәсіпорын (ұйым) арасындағы әріптестік туралы, оның ішінде дуалды оқыту шарттың/келісімнің көшірмесі;

– соңғы екі оқу жылында (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда) мәлімделген мамандыққа (мамандыққа) жұмысқа орналастыру бойынша ұлттық білім беру деректер базасынан үзінді;

– өндірісте жұмыс тәжірибесі бар және/немесе мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша соңғы бес жылда өндірісте тағылымдамадан өткен штаттағы педагог кадрлардың тізімі;

– жабдықты орнату үшін жеткілікті алаңның және инфрақұрылымның болуын растау мақсатында ТжКБ ұйым ғимараттарының техникалық паспорттарының көшірмелері және жабдықты орналастыру схемасы;

– мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда WorldSkills (Ворлд Скилс) чемпионаттарына қатысу туралы бұйрықтың көшірмесі;

– мәлімделген кәсіптер (мамандықтар) бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

– халықаралық жүйе стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса).

«Жас маман» жобасына қатысу үшін ЖОО келесі құжаттарды ұсынады:

– ЖОО-да кадрлар даярлау бейінінің 100 сұранысқа ие және жаңа кәсіптер (мамандықтар) тізбесіне сәйкестігі растайтын лицензияның көшірмесі;

– ЖОО мен кәсіпорын (ұйым) арасындағы тиісті бейіндер бойынша әріптестік туралы шарттың/келісімнің көшірмесі;

– университеттер үшін оқытушылардың жалпы санынан  50 % кем емес, академияда – 30%, институттарда-30%  даярлаудың тиісті бағыттары бойынша «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор»  ғылыми және (немесе) академиялық дәрежесі бар оқытушылардың тізімі;

– ЖОО-ның алдағы 5 (бес) жылға стратегиялық даму жоспарының көшірмесі;

– QS-by subject (КюС-бай сабджект), Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес), Times Higher Education (Таймс Хайер Едукейшн) рейтингтерінің топ-100 құрамына кіретін университеттермен (ұйымдармен) келісімдердің көшірмесі;

– тиісті даярлау бағыттары бойынша аккредиттеу туралы сертификаттың көшірмесі (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда);

– растайтын құжаттармен бірге кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша Web of Science (Веб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) ғылыми дәйексөздеудің реферативтік-библиографиялық базаларында индекстелетін басылымдардағы жарияланымдар саны туралы ақпарат;

– соңғы екі оқу жылында (жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) қоспағанда) мәлімделген мамандықтар (мамандықтарға) бойынша жұмысқа орналастыру туралы Жоғары оқу орындарының бірыңғай жүйесінен үзінді;

– жабдықты орнату үшін жеткілікті алаңның және инфрақұрылымның болуын растау мақсатында ЖОО ғимараттарының техникалық паспорттарының көшірмелері және жабдықты орналастыру схемасы.

Өңірлік комиссиялардың жұмыс органдарымен (ЖАО) ТжКБ ұйымдарынан құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 1 қазаннан 17 қазанға дейін жүзеге асырылады.

20 қазанға дейін Өңірлік комиссиялардың жұмыс органдары Операторға Қағидалардың 101-тармағына сәйкес құжаттар пакеті бар іріктелген ұйымдардың тізбесін ұсынады.

Оператор 20 қазанға дейін іріктелген ТжКБ ұйымдарына рұқсат (сілтеме, жеке логин және пароль) береді. ТжКБ ұйымдары 24 қазанға дейін оператордың ақпараттық интернет-ресурсында растайтын құжаттардың қажетті пакетін жүктей отырып, Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес ТжКБ ұйымының сауалнамасын толтырады.

«Жас маман» жобасына қатысуға қызығушылық білдірген жоғары оқу орындары 25 қазанға дейін Операторға сілтеме, жеке құпия сөз және логин ұсыну үшін jmproject@tvet.kz электронды поштасына сұраныс жолдайды. Оператордың интернет-ресурсына қол жетімділікті алғаннан кейін ЖОО-лар 1 күн ішінде Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес қажетті растайтын құжаттар пакетін жүктей отырып, ЖОО сауалнамасын толтырады.

«Жас маман» жобасы бойынша қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 91-73-06, 91-73-05, 91-73-37

Қосымша 1

Қосымша 2