«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамның

2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы

 

Миссиясы

Бәсекеге қабілетті еңбек нарығының өзгеріп отырған талаптарына және ел экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ететін жүйе ретінде ТжКБ-ны дамыту және жаңғырту процестеріне жан-жақты жәрдемдесу.

 

Пайымдауы

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға жәрдемдесетін, жағдай жасайтын және елдің Техникалық және кәсіптік білімді дамытуғы негізгі қатысушыларына консультациялық, әдіснамалық, тренингтік қызметтер көрсететін және халықаралық қоғамдастықпен өзара тиімді ынтымақтастық жүргізетін кәсіби және уәжді командасы бар көшбасшы мемлекеттік ұйым.

 

Қызметтің стратегиялық бағыттары

Қызметтің 1 стратегиялық бағыты. Білім беру процесінің тиімділігін арттыруға сүйемелдеу

Мақсаты: оқу процесін жүргізудің дербестігіне көшу және икемді білім беру процесін дамыту арқылы ТжКБ білім беру процесінің тиімділігін арттыру.

1-міндет. Білім беру процесінің мазмұнын жаңарту

2-міндет. Колледждердің оқу процесін жүргізу дербестігіне кезең-кезеңмен көшуін енгізу

3-міндет. Жеке білім беру траекториясы негізінде икемді білім беру процесін дамыту

2 стратегиялық бағыт. Оқыту сапасын арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету

Мақсаты: ТжКБ жүйесі түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтерді  кәсіби дамыту.

1-міндет. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру

2-міндет. Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшуге жәрдемдесу

3-міндет. ТжКБ ұйымдары басшыларының көшбасшылық қасиеттерін дамыту

3 Стратегиялық бағыт. Мүдделі стейкхолдерлерді тарту және олардың сұранысын қанағаттандыруға жәрдемдесу

Мақсаты: ел экономикасы үшін кәсіби кадрлар даярлау мәселелерінде стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл орнату.

1-міндет. ТжКБ жүйесінің білім беру процесіне барлық мүдделі тараптарды тарту

2-міндет. Кәсіптік бағдарлау және ТжКБ-ны танымал ету жүйесін әзірлеу және енгізу

3-міндет. ТжКБ Цифрландыру

4 стратегиялық бағыт. Қазақстандағы WorldSkills қозғалысын дамыту

Мақсаты: ТжКБ жүйесінің бәсекеге қабілеттілік әлеуетін арттыру үшін халықаралық талаптарға сәйкес келетін жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру.

1-міндет. WorldSkills Kazakhstan чемпионаттары жүйесінің тиімділігін және ұлттық құраманың WorldSkills халықаралық Чемпионаттарына қатысуын қамтамасыз ету

2-міндет. Сараптамалық қоғамдастықты дамыту және ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills құралдарын енгізу

5 стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту

Мақсаты: ТжКБ ұйымдарына олардың тиімділігін дамытуға және арттыруға жәрдемдесу.

1-міндет. Құзыреттілік орталықтарының желісін дамыту

2-міндет. APEC PetroTechnic қызметін үйлестіру

3-міндет. Турин процесінің құралдары арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін талдау және дамыту

4-міндет. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралау жүйесі арқылы колледждердің қызметін бағалау

6 стратегиялық бағыт. «Talap» КЕАҚ-заманауи, тиімді және тұрақты ұйым

Мақсаты: қызметкерлердің әлеуетін дамыту және «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының имиджін арттыру

1-міндет. Қызметкерлердің әлеуетін дамыту

2-міндет. Talap брендін жылжыту