Холдингтің базалық колледжі

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату» 77 қадамын жүзеге асыру және 2015-2019 жылдарға арналған ҚР ИИДМБ жобаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін базалық университеттер мен колледждерді дамытудың бекітілген жоспарына (2017 ж. 18 тамыздағы №421 өзг.) сай аталған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ҚР БҒМ іріктеліп алынған базалық колледждер мен ЖОО-да жүзеге асырылатын болады:

 «Көкшетау қ. Жоғары колледжі» МКҚК

– «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК

– «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ

 «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК

– «Теміртау политехникалық колледжі» КМҚК

– «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК

 «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК

– «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК

– «И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі» КМҚК

– «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК

– «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК

«Астана қаласы политехникалық колледжі» КМҚК

«Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК

«Алматы экономикалық колледжі» МКҚК

«ШҚО электротехникалық колледжі» КМҚК

«APEC Petrotechnic» жоғары колледжі ЖШС

Базалық колледждермен жұмыс координаторы болып «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ анықталды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы олармен серіктестік туралы келісім шарт жасады, мамандықтарды анықтап, бірге жұмыс жасау жоспарын бекітті.

 

«Көкшетау қаласының Жоғары колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 

  1. Меншік түрі: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиістілігі: Ақмола облысының Білім басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,Ташенов көшесі, 115 үй.
  4. Сайт: pt0008.kokshetau.akmoedu.kz
  5. Құрылған жылы: 1973 жыл.
  6. Директоры: Еслямова Ақнұр Қабиденқызы – құрылыс пәндерінің инженер-оқытушысы, экономика және бизнес магистрі, ҚР Білім беру үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.
  7. Студенттердің саны: барлығы 2526 адам. Күндізгі оқу бөлімінде – 2309 адам. Қашықтықтан оқыту бөлімінде – 217 адам.
  8. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің жалпы саны: 175 адам, оның ішінде оқытушылардың саны – 141 адам, өндірістік оқыту шеберлерінің саны – 34 адам.
  9. Жоғары және бірінші санатты ИПҚ саны – 90 адам, екінші санатты оқытушылар – 45 адам, Магистрлердің саны – 19 адам, 1 оқытушы техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап колледжде халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес оқу үдерісінің сапасын басқару жүйесі тиімді жұмыс істейді. 2018 жылдың ақпан айында колледж мамандандырылған және институционалды аккредиттеуден өтті.

ИИДМБ (ГПИИР) қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап колледжде 1013000 «Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу құрылғылары және өнеркәсіптегі автоматика», 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ Pearson (Ұлыбритания) және TAFE (Австралия) компанияларынмен бірлесіп әзірлеген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледждің оқу үдерісіне эксперименттік режимде 12 мамандық бойынша модульдік-құзырлық тәсіліне негізделген үлгілік жоспарлар мен бағдарламалар енгізілді.

Бұл мамандықтар экономиканың басым секторларының бірі – облыстық экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін есепке ала отырып, машина жасау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардан таңдап алынды.

Колледж әлеуметтік әріптестік және 120-дан астам кәсіпорынмен қосарлы білім беру жүйесін енгізу туралы келісімдер жасасты, айта кетсек ірі «Тыныс» АҚ, «Асыл-Арман» ЖШС, «ЕПК Степногорск» ЖШС, «KAZHYRO» ЖШС, «Комбайновый завод Вектор» ЖШС, «Агроинновационная корпорация» ЖШС, «КамазИнжиниринг» АҚ, «Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС,  «Камаз автосервисный центр» ЖШС және т.б.

«Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында 2016 жылы 1 басшы, 42 ИПҚ және колледждің 8 штаттан тыс жаттықтырушылары дайындалды.

WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының қорытындысы бойынша 2015 жылдан бастап колледж студенттері «Мехатроника», «СББ станоктарында токарлық жұмыстар», «Шанақ жұмыстары», 2017-2018 жылдары «Тастатаспен қаптау», «Ағаш өңдеу», «Бизнес үшін IT-шешімдер» 7 алтын медальді;

«Кірпіш қалау», «СББ станоктарында токарлық жұмыстар» құзырлықтары бойынша 2 күміс медальді;

«Графикалық дизайн» құзырлығы бойынша 1 қола медалін жеңіп алды.

Колледж туралы толық ақпарат ресми сайтында – pt0008.kokshetau.aqmoedu.kz. орналастырылған.

«Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

  1. Мекеменің меншік нысаны: Мемлекеттік.
  2. Мекеменің тиістілігі: Алматы қ. Білім басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері: .Алматы қ., Жандосов к-сі, 65.
  4. Сайт: akep-65.kz
  5. Құрылу жылы — 1964 жыл.
  6. Директор: Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович
  7. Колледждегі студенттер (білім алушылар) саны– 1907, соның ішінде күндізгі оқу бөлімінде — 1617  адам, сырттай оқу бөлімінде – 290 адам.
  8. Инженерлік- педагогикалық жұмысшылар саны — 123 адам, соның ішінде жоғары және бірінші санатты оқытушылар саны— 70  адам (57%).

Колледж келесі мамандықтар бойынша модульдік біліктілікке негізделген білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

  1. 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары /түрлері бойынша/»
  2. 0906000 «Жылу электр станцияларының жылуэнергетикалық қондырғылары»
  3. 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс /түрлері бойынша/»
  4. 1305000 «Ақпараттық жүйелер /қолдану саласы бойынша/»
  5. 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету /сала бойынша/»
  6. 1013000- Механикалық өндеу, бақылау-өлшеу құралдары және өнеркәсіптегі автоматика

Колледж энергетика саласы бойынша кадрлар даярлауға арналған «ТжКБ үздік мекемесі» республикалық конкурсының Гран-при иегері, ISO 9001: 2008 халықаралық сертификаты, ISO 9001: 2015; IQAA институционалдық және мамандандырылған аккредитация бойынша сертификат иегері болып табылады. 2012 жылдан бері халықаралық және республикалық NanyangPolytechnicInternational (Сингапур Республикасы), Pearson Education (Ұлыбритания), JAMKUniversity (Финляндия),  (ЛСА) Жапония,  (TIKA) Түркия, Intel – Arduino/Genuino «Кәсіпқор» Холдингі, Саво ESEDU (Финляндия Республикасы) жобаларының үздіксіз қатысушысы.

Соңғы үш жыл бойы (2016,2017,2018 ж.) колледж Қазақстанның техникалық колледждері арасында БСҚА  халықаралық рейтингінде І орын алып келеді.

2016 жылдан бастап колледж энергетикалық бағыттағы 9 мамандық бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мүшесі болып табылады.

Колледждің жетекші оқытушылары авторлық бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларына сараптама жүргізу, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді рецензиялау жұмыстарына қатысады.

 2015 жылы  колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасы бойынша Дүниежүзілік банк грантының иегері атанды.

Колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің 80% -нан астамы 2016-2017, 2017-2018 жылдар аралығында Холдинг ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарын аяқтады. Колледждің төрт қызметкері Холдингтің штаттан тыс жаттықтырушылары болып табылады. 2018 жылы желтоқсанда Астана қаласында өткен WorldSkills ұлттық чемпионатының қорытындысы бойынша колледж білім алушысы  Нұрсейіт Бегалы ​​«Электрмонтаж жұмыстары» құзыреттілігі бойынша 3- орын иегері атанды.

«Ақтөбе политехникалық колледжі»

Акционерлік қоғамы 

  1. Меншік түрі: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиістілігі: Ақтөбе облысының Білім басқармасы.
  3. Орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Рысқұлова көш., 267.
  4. Сайт: apk-edu.kz
  5. Құрылған жылы – 1965 жыл.
  6. Директор: Алдияров Касымбек Тулеуович.
  7. Колледждегі студенттер саны – 1980, сонымен қатар күндізгі оқу үлгісінде – 1527 адам, сырттай оқу бойынша – 453.
  8. Инженер-педагог қызметкерлерінің саны – 119 адам, сонымен қатар бірінші және жоғары санатты педагогтар – 64 адам (53, 7 %).

 «Ақтөбе политехникалық колледжі» АҚ 2015 жылдан бастап Холдингпен жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша серіктестікте.

Колледж 2015 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің грантының иегері болды.

Холдингпен бірге ТжКБ үлгілік оқу жоспары негізінде 1305000 «Ақпараттық жүйелер», біліктілігі: «Техник-мехатроник»; 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету», біліктілігі: «Техник-электрик» мамандықтары бойынша жаңа оқу жоспары әзірленді.

Қазіргі кезде жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндер бойынша оқу модульдерін әзірлеуді жоспарлауда.

Холдингтің ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында колледждің 1 басшысы, 9 ИПҚ пен 3 штаттан тыс тренерлері оқытылды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж «Ақпараттық жүйелер» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша 11 сынып базасында 50 студентті дайындау жұмыстарын бастады.

 

«Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 

  1. Меншік түрі: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиістілігі: Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы.
  3. Орналасқан орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., АкадемикАсан Тайманов көш., 221/А.
  4. Сайт: www.indcollege.kz
  5. Құрылған жылы – 1940 жыл.
  6. Директор: Масалимов Али Хайдарұлы.
  7. Колледждегі студенттер саны – 427 адам, сонымен қатар күндізгі оқу үлгісінде – 427.
  8. Инженер-педагог қызметкерлерінің саны – 33 адам, сонымен қатар бірінші және жоғары санатты педагогтар – 18 адам (54,56 %).

Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі:

– 0902000 «Электрмен жабдықтау (сала бойынша);

– 1013000 «Өндіріс орындарындағы механикамен өңдеу, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика» мамандықтары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша эксперименталды алаң болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша эксперименталды білім беру бағдарламалары колледждің арнайы пән оқытушыларымен оқытудың модульдік технологиясын есепке ала отырып, үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген. «Стройкомбинат» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС – әлеуметтік серіктестерімен келісілген.

Холдингтің ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында колледждің 2 басшысы, 12 ИПҚ пен 2 штаттан тыс тренерлері оқытылды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж «Өндіріс орындарындағы механикамен өңдеу, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика» мамандығы бойынша 11 сынып базасында 25 студентті дайындау жұмыстарын бастады.

 

 

«Теміртау политехникалық колледжі»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 

  1. Меншік нысаны: Мемлекеттік.
  2. Мекеменің тиесілігі: Қарағанды облысының білім беру басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері:Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 26.
  4. Сайт: temp.kz
  5. Құрылған жылы— 1997 жыл, төрт оқу орнын біріктіру жолымен:құрылыс, металлургиялық, химия-механикалық және индустриалдық колледждері.
  6. Директор: Әбішев Айдар Акылсерикович.
  7. Колледждегі студенттер саны – 1245, оның ішінде күндізгі — 1012 адам., сырттай – 233.
  8. Инженер-педагогикалық қызметкерлердің саны — 98 адам., оның ішінде жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар — 56 адам. (57 %).

2017 жылғы 13 маусымдағы Теміртау жоғары политехникалық колледжі мен ҰАҚ «Холдинг «Кәсіпқор» арасындағы №07/504 ынтымақтастық туралы келісім негізінде, колледжге қолданбалы бакалавр дәрежесіндегі «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының білім беру бағдарламасының жобасы жіберілді.

Қарағанды облысы Әкімдігінің 24.08.2017ж. «Кейбір коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың атауын өзгерту туралы» № 53/02 қаулысымен «Теміртау политехникалық колледжі», «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.

Осы мамандық бойынша оқу-әдістемелік құжаттар әзірленді: «Кәсіпқор» Холдингінің эксперименттік білім беру бағдарламасы негізіндегі оқу жұмыс бағдарламасы және оқытушылар пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламалары мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын дайындады.

2016 жылдан бері ИИДМБ-2 қажеттілігі үшін дайындықтар жүргізілуде және 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мен 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша колледж базасында шетел серіктестерімен бірге жасалған тәжірибелік білім беру бағдарламалары сынақтан өтуде.

Колледждің арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушылар құрамының       80% «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өтті, аталмыш курстың мазмұны маңызды, сондықтан да оқытуға енгізуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан 2 штаттан тыс бапкер оқытылды.

2016 жылдың маусымында колледж  институционалдық аккредитациядан өтті.

2018жылы өткізілген WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттың нәтижесі бойынша, колледждің бір жүлдегері бар, «WEB-дизайн» құзыреті бойынша (2 орын)

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 1401000 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», 1302000 «Автоматтандыру және басқару», 1112000 «Машиналарды пайдалану және өнеркәсіп жабдықтары», 0816000 «Химиялық технология және өндіріс» мамандықтарының студенттері жаңа білім беру бағдарламалары бойынша дайындалуда.

Теміртау жоғары политехникалық колледжі ҚР БҒМ мен Герман қоғамының арасындағы келісім аясындағы GIZ – халықаралық ынтымақтастығы бойынша Қазақстанда дуальді оқыту жобасын енгізудің сынақ алаңы болып табылады. Жоба Қазақстанда «Өнеркәсіптік электроника технигі» біліктілігінің мамандарын дайындау үшін «Автоматтандырылған техника бойынша электроника технигі» неміс мамандығын енгізуді жүзеге асырады.

Колледж үздік дәстүрлерді қадір тұтатын және жаңа білім беру технологияларын енгізуші ретінде, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының ең озық оқу орындарының бірі болып табылады.

  

«Қостанай политехникалық жоғары колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 

  1. Жекеменшік формасы: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиесілдігі: Қостанай облысының білім басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері: Қостанай облысы, Қостанай қ., Қобыланды батыр даңғылы, 3.
  4. Сайт: www.kpvk.kz
  5. Құрылған күні – 1971 жыл.
  6. Директор: Кұсаин Амангелдіұлы Каткенов.
  7. Колледждегі студенттер саны – 1246, соның ішінде күндізгі оқу формасында – 1143 адам, сырттай оқу формасында – 103 адам.
  8. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны – 107 адам, соның ішінде жоғары және бірінші санатымен педагогтар – 48 адам (44,86 %).

Колледжде бағдарламаларды бейімдеу бойынша арнайы пәндерінің оқытушылар санынан жұмыс тобы құрылды, эксперименталды білім беру бағдарламаларын бейімдеу және енгізу аясында оқу семинары өткізілді, құрамына жетекші мамандар мен облысымыздың ірі кәсіпорындарының тәжірибелі және білікті қызметкерлері енген Кеңес беру кеңесі құрылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2016 жылдан 2019 жылға дейін 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі», 0902000 «Электрмен қамту (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша еліміздің индустриялық-инновациялық даму үшін жоғары білікті мамандарын даярлау жұмысы жүргізіліп келеді. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің және еліміздің әр өңірінде «өсім нүктесін» жасаумен айналысатын «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылады. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа инфрақұрылымымен 16 колледж желісі. Қостанай облысында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктесі болып Қостанай жоғары политехникалық колледжі атанды.

Колледж «Кәсіпқор» Холдингімен бірлесе 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту жобасын аяқтады. Ең бірінші УТЗ-19 тобы шығарылды.

Эксперименталды жұмысының аяқталуына байланысты 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша: тәжірибе, проблемалар, келешегі» жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын енгізу мониторингі» тақырыбы төңірегінде жұмыс берушілер мен колледж түлектерін шақырумен эксперименталды жұмыс қорытындыларын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің жетекшісі Марал Мендыбайқызы Боқаева, жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері Нина Ханапияқызы Абдықалықова – «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС өңірлік өкілдігінің зертхана меңгерушісі, Сәуле Қайратқызы Ищанова  – Тамерлан Корпорациясы ЖШС зертханашысы, УТЗ-19 тобының түлектері Алексей Выймов, Максим Геращенко, Айша Сарсембаева, Зинара Сахина қатысты.

Форумның жұмысын аша отырып, М.М.Боқаева Қостанай жоғары политехникалық колледжінің эксперименталды тәртібінде жұмыс істейтін инновациялық оқу мекемесі екенін атап өтті. Колледж техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша «өсім нүктесі» бола алды. WorldSkills Казахстан чемпионатында «Бидай және оны өндеуден алынған өнімдер сапасын анықтау» құзыреті бойынша студенттеріміздің жеңісі астықты қайта өңдеу саласында мамандарды жоғары деңгейде даярлаудың дәлелі болды.

Дөңгелек үстел бағдарламада мәлімденген спикерлердің төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалары жалғасын тапты: жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жағдайында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кеңістігі; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығының эксперимент жағдайында жаңа білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау басымдылықтары мен артықшылықтары; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша эксперимент жағдайында өндірістік оқытуды ұйымдастыру; «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу. Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында бағдарламада белгіленген барлық мәселелер бойынша құрылымды сұхбат болды.

Қостанай жоғары политехникалық колледжімен екінші бесжылдықтың өңірлік индустрияландыру картасының тізіміне енген кәсіпорындармен серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылды, онда практика базаларын ұсыну, дуалдық оқытуды енгізу, модульдік бағдарламаларын бірлесе әзірлеу, түлектерді жұмысқа орналастыру және бірлескен зертханалар мен кәсіпорындар құру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ірі тауар өндірушілерімен («Баян Сұлу» АҚ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Иволга» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Иволга Грэйн» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Baltic control» ЖШС, «Ласточка» ЖШС, «ЭПК форфайт» ЖШС, «МВF group» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Pioneer-Luxs» ЖШС, «Olzha storade» ЖШС, «МАБ» ЖШС, «Бидай өнімдер комбинаты» ЖШС, «Евраз Каспиян Сталь» ЖШС және т.б.) шарттарға қол қойылды.

Колледж 2015 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» ҚР Білім және ғылым министрлігінің жобасы бойынша Дүниежүзі банкінің гран иегері болып атанды.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Холдингпен ұйымдастырылған және өткізілген біліктілікті арттыру курстарында колледждің 166 оқытушысы, 15 штаттан тыс тренері білім алды.

WorldSkills Kazakhstan 2015 Ұлттық чемпионатының нәтижелері бойынша «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша колледжде бір жүлделі орны бар (2 орын). Қатысушының тренері И.С.Храмей, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша қатысушы Юрий Герасимов.

WorldSkills Kazakhstan 2016 Республикалық чемпионатында «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті бойынша қатысушы Александр Давыдов 1-орынға иеленді, сарапшы-компатриот И.С.Храмей, бас сарапшы Ж.И. Кубжасарова.

WorldSkills Kazakhstan 2017 Республикалық чемпионатында «Электромонтаждау» құзыреті бойынша қатысушы Валерий Коцуренко 1-орынды жеңіп алды, сарапшы-компатриот Т.Н.Федорова, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті бойынша қатысушы Александр Давыдов 1-орынға иеленді, сарапшы-компатриот И.С.Храмей, бас сарапшы Ж.И. Кубжасарова. WorldSkills Russia 2017 халықаралық чемпионатында «Жас кәсіпқойлар» «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті бойынша қатысушы Александр Давыдов 2-орынға иеленді, сарапшы-компатриот Ж.И.Кубжасарова, «Электромонтаждау» құзыреті бойынша қатысушы Валерий Коцуренко 2-орынды жеңіп алды, сарапшы-компатриот Т.Н.Федорова

Abu Dhabi 2017 әлемдік чемпионатында «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті бойынша сарапшы-компатриот ретінде Ж.И. Кубжасарова, қатысушы Александр Давыдов (қатысу), «Электромонтаждау» құзыреті бойынша сарапшы-компатриот ретінде Т.Н.Федорова, қатысушы Валерий Коцуренко(қатысу) қатысты.

Worldskills 2018 өңірлік чемпионатында колледж төмендегі 7 құзыреті бойынша чемпионатты өткізу базасы болды: «Веб-дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Электромонтаждау», «Кондитерлік ісі», «Нан пісіру шеберлігі», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру».

Worldskills Kazakhstan 2018 өңірлік чемпионатының нәтижелері:

  1. «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті, бас сарапшы Е.Н.Тулегенов, сарапшы-компатриот А.В.Давыдов, қатысушы Никита Минеев (1 орын);
  2. «Графикалық дизайн» құзыреті, бас сарапшы И.С. Храмей, сарапшы-компатриот Д.П.Кузин, қатысушы Анастасия Ососкова (1 орын);
  3. «Электромонтаждау» құзыреті, бас сарапшы О.И. Шрайбер, сарапшы-компатриот С.А.Назаренко, қатысушы Расул Рамазанов (1 орын);
  4. «Кондитерлік ісі» құзыреті, бас сарапшы Т.И.Галль, сарапшы-компатриот А.М. Саидов, қатысушы Татьяна Прусакова (1 орын), сарапшы-компатриот Ж.Е.Балгужинова, қатысушы Елезавета Лыткина (қатысу);
  5. «Нан пісіру шеберлігі» құзыреті, бас сарапшы И.А.Рядинская, сарапшы-компатриот О.В.Брозе, қатысушы Евгения Дейна (2 орын), сарапшы-компатриот Г.Е. Башпаева, қатысушы Екатерина Нилова (қатысу).
  6. «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті, бас сарапшы Е.Т.Риженко, сарапшы-компатриот Ж.Б.Сагандыкова, қатысушы Гүлзара Еришева (1 орын), қатысушы Айша Сарсембаева (3 орын).
  7. «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті, қатысушы Тасболат Тулегенов– 3 орын, қатысушы Диас Токушев – 3 орын.

Ұлттық чемпионатқа колледж 4 құзырет бойынша қатысты: «Веб-дизайн және әзірлеу», «Электромонтаждау», «Кондитерлік ісі», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау».

Worldskills Kazakhstan 2018 өңірлік чемпионатының нәтижелері:

  1. «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті, сарапшы-компатриот С.С.Изделюева, қатысушы Гүлзара Еришева (1 орын).
  2. «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреті, сарапшы-компатриот Е.Н.Тулегенов, қатысушы Никита Минеев (3 орын);
  3. «Кондитерлік ісі» құзыреті, сарапшы-компатриот Л.А.Павлова, қатысушы Татьяна Прусакова (3 орын);
  4. «Электромонтаждау» құзыреті, сарапшы-компатриот С.А.Назаренко, қатысушы Расул Рамазанов (сертификат);

Worldskills Kazakhstan – 2019 Ұлттық чемпионатына (Ақмола облысы, Чаглинка) колледж «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті бойынша қатысты. Сарапшы-компатриот С.С.Изделюева, қатысушы Анастасия Князева – қатысушы сертификаты.

«Жамбыл политехникалық колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 

  1. Меншік түрі: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиістілігі: Жамбыл облысының Білім басқармасы.
  3. Орналасқан орны: Жамбыл облысы, Тараз қ., Домалақ ана көшесі, 268
  4. Сайт: www.zhpk.kz
  5. Құрылған жылы – 1954 жыл.
  6. Директор: Орынбаева Жанар Рымбекқызы.
  7. Колледждегі студенттер саны – 3458, сонымен қатар күндізгі оқу үлгісінде – 3173 адам (мемлекеттік тапсырыс негізінде – 2905 (Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 599), жұмысшы біліктілігі бойынша – 1094 студент), сырттай оқу бойынша – 285 адам
  8. Инженер-педагог қызметкерлерінің саны – 310 адам, сонымен қатар бірінші және жоғары санатты педагогтар – 134 адам (39%).

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015жылдың 27 наурыздағы №135 бұйрығы негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2016 жылдың 25 тамыздағы №427 бұйрығымен «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» және «Химиялық технология және өндіріс» мамандықтары 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап «Кәсіпқор» Холдингі» ұсынған модульдік оқытудың эксперименталды алаңына көшіріліп, 100 студент білім алуда.

2017-2018 оқу жылынан бастап өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларымен  8 мамандық бойынша 599 студент оқытылуда.

Холдингтің ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында колледждің 4 басшысы, 100 ИПҚ пен 3 штаттан тыс тренерлері оқытылды.

2018 жылы материалдық-техникалық базаны жаңартуға және «АPEC Petro Technic» жоғары колледжінің тәжірибесі негізінде колледждің базасында құзыреттілік орталықтарын құруға облыс әкімінің тікелей қолдауымен жергілікті бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен «Химиялық технология және өндіріс», «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының оқу шеберханалары және лабораториялары қайта жасақталды.  Колледж базасында 8 құзырет бойынша  құзыреттілік орталығы құрылды.

Жамбыл облысы әкімінің  2018 жылғы 14 қыркүйектегі №165  Қаулысына сәйкес «Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне» «Тараз химия-технологиялық колледжін» қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

 

«Шымкент аграрлық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

  1. Мекеменің меншік түрі: мемлекеттік.
  2. Мекеменің меншік иесі: Түркістан облысының білім беру басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Тассай» тұрғын  алабы, Жібек жолы көшесі үй № 45/1.
  4. Сайт: www.agro-college.kz
  5. Құрылған жылы – 1972 жыл.
  6. Директор: Бекбергенова Гаухар Алпысбайқызы
  7. Колледждегі студенттер саны – 1703, оның ішінде күндізгі бөлімде – 1483, сыртқы бөлімде – 220 адам.
  8. Инженер-педагог қызметкерлерінің саны – 183 адам, оның ішінде жоғары және бірінші санатты – 75 адам, 41%.

       Колледж миссиясы: агроөндірістік кешен мамандарын даярлауда білім берудің инновациялық жүйелерін және халықаралық практика модельдерін енгізу арқылы аграрлық сектордың потенциалын жоғарылату.

    «Ақысыз техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 1-қыркүйек айынан бастап оқу процесінде деңгейлі эксперименталдық ТжКББ 1222000 «Консерві және тамақ концентраттары өндірісі» және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша модульдік – құзіреттілік негізінде өңделген білім беру жоспарлары және бағдарламалары сынамадан өтті.

    2017-2018 оқу жылы дуальдік оқыту түрі бойынша бірінші түлектер оқу бағдарламасын бітірді, олардың 10-ы жұмысқа орналастырылды. Тағы 421 оқушы оқуын жалғастыруда.

    ҚР БҒМ 26. 06. 2018 жылғы №305 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын интеграциялау мақсатында 1226000 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» және 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша эксперимент түрінде қолданбалы бакалавриат енгізілді.

    2017-2018 оқу жылы «Холдинг» ұйымдастырған және өткізген біліктілік жоғарылату курстарында 1 басшы, 53 инженер-педагог қызметкер және 2 штатттан тыс тренер біліктілігін жоғарылатты.

    WorldSkills Kazakstan Ұлттық чемпионатының Республикалық, аймақтық және облыстық кезеңдері нәтижесінде колледждің бірнеше құзіреттіліктер бойынша жеңімпаздары бар.

Республикалық чемпионат:

  • «Трактор және ауыл шаруашылық машиналарының слесарь – жөндеушісі»: 1- орын (2018 жыл).

Аймақтық чемпионат:

  • «Аспаз»: 1-орын (2017 жыл).
  • «Электр монтаждау ісі»: 3-орын (2017 жыл).
  • «Ландшафттық дизайн»: 1-орын (2018 жыл).
  • «Аспаз»: 2-орын (2018 жыл).
  • «Кондитерлік іс»: 2-орын (2018 жыл).

Облыстық чемпионат:

  • «Наубайшы»: 1-орын: (2019 жыл).
  • «Аспаз»: 1-орын (2019 жыл).
  • «Кондитерлік іс»: 1-орын (2019 жыл)

 

«И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын 

  1. Мекеменің меншік нысаны: Мемлекеттік
  2. Мекеме тиесілі: Қызылорда облысының білім басқармасы
  3. Мекеменің орналасқан жері:Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жахаева көшесі, 8.
  4. Сайт: www.kgkpkatvcollege.kz
  5. Құрылған күні: 1930 жыл
  6. Директор: Тауипбаев Султанбек Тауипбаевич.
  7. Колледждегі студенттер саны–1799,соның ішінде күндізгі оқу бөлімінде—1164чел.,сырттай оқу бөлімінде– 635 адам.
  8. Инженер-педагогтар саны—195 адам.,оның ішінде жоғары және бірінші санатты оқытушылар— 113 адам (57,9 %).

«Кәсіпқор»Холдингі» әзірлеген эксперименталды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін колледж 10 мамандықты таңдады: 0902000–«Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша), 1304000 – «Электрондық есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлері бойынша), 1513000“Ветеринария”,1224000 «Сүт  тағамдарының  өндірісі», 1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» , 1508000-«Орман шаруашылығы,бақ-саябақты және ландшафты  құрылыстар», 0907000-«Техникалық жылу жабдықтары және жылумен  жабдықтау жүйелері» (түрлері бойынша), 1303000 – «Теміржол қозғалысында автоматика, телемеханика », 1504000 «Фермер шаруашылығы», 1114000 «Пісіру ісі».

   2012-2013 оқу жылында дуалды оқытудың эксперименталды алаңына 1502000-«Агрономия»мамандығы енгізілсе, 2016-2017 оқу жылында 1232000-«Шыны талшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі»мамандығы енгізілді.

«Кәсіпқор»Холдингі»КЕАҚ басшылығымен 2016-2020 жылдарға арналған колледждің стратегиялық жоспары жасалып,облыс әкімінің орынбасары мен жұмыс берушілердің келісіміне сәйкес бекітілді.

2016-2017 оқу жылдарының нәтижесі бойынша «Кәсіпқор»Холдингі»КЕАҚ республика колледждерінің арасында өткізген ранжированиеден облыс бойынша 1 орынды иеленді.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі кіші инженерлер «қолданбалы бакалавриат»дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету»  мамандығына студенттер қабылдап,оқытылуда. «Техникалық пәндер» кафедрасы ашылып,кафедра меңгерушісі тағайындалды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 579 бұйрығымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» саласы бойынша 1114000-«Пісіру ісі», 1403000 «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» , 1404000-«Сумен қамтамасыздандыру және су бұрғыш жүйелерінің тазартқыш ғимараттары»,1420000«жылыту,кондиционерлеу және желдету», 142000-«Сумен жабдықтау және бұру», 0603000 – «Өнеркәсіптің бұзылмайтын сынақтары және бұзылмайтын сынақтар түрлері» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды.

Жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын енгізу мақсатында «Кәсіпқор»Холдингі»штаттан тыс тренерлер дайындап,колледжден 4 оқытушы облыс бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуге ат салысуда.

    Холдинг келесі категориялар бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды: менеджерлер, арнайы пәндер оқытушылары, цикл комиссияларының жетекшілері, оқытушы-тренерлер. Холдинг 2017-2018 жылдары ұйымдастырған және өткізген біліктілігін арттыру курстары барысында 5 менеджер, 130 ИПҚ және өндірістік оқыту шеберлері, 4 штаттан тыс тренерлері оқытылды. Жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын енгізу үшін «Кәсіпқор» Холдингі »аймақтағы біліктілікті арттыру курстарын жүргізетін штаттан тыс тренерлер дайындап,олар облыс колледждерінде біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.

 

«Маңғыстау политехникалық колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын  

  1. Меншік түрі: Мемлекеттік.
  2. Колледж тиістілігі: Маңғыстау облысының Білім басқармасы.
  3. Орналасқан орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б ш/а. 11 ғимарат.
  4. Сайт: www.mptk.edu.kz
  5. Құрылған жылы – 1972 жыл.
  6. Директор: Ниталиев Жанбек Кұрғанбайұлы.
  7. Колледждегі студенттер саны – 2767, сонымен қатар күндізгі оқу үлгісінде – 2104 адам, сырттай оқу бойынша – 663 адам.
  8. Инженер-педагог қызметкерлерінің саны – 168 адам, сонымен қатар бірінші және жоғары санатты педагогтар – 95 адам, (56,5 %).

Маңғыстау политехникалық колледжі 2015 жылдан бастап Холдингпен жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша серіктестікте.

2015 жылы тәжірибемен алмасу мақсатында әлеуметтік серіктестермен («Прикаспийский машина жасау кешені» ЖШС, «Ақтау құю зауыты» ЖШС, «Емир Ойл» ЖШС, «Каспий битум» ЖШС, «Каскормашзауыты» АҚ) кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылды.

Колледж 2015 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің грантының иегері болды.

Холдингтің ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында колледждің 3 басшысы, 28 ИПҚ пен 4 штаттан тыс тренерлері оқытылды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж «Химиялық технология және өнеркәсіп» және «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша 11 сынып базасында 50 студентті дайындау жұмыстарын бастады.

 

«Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

  1. Меншік нысаны: Мемлекеттік.
  2. Колледж Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасына бағынысты.
  3. Кәсіпорынның орналасқан жері: СҚО, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 262.
  4. Сайт: www.ms.psek.kz
  5. Құрылған жылы: 1932 жыл.
  6. Директор: Кушумбаев Ағбай Бағыткерейұлы
  7. Колледждегі студенттер саны-1503, оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша – 1298 адам, сырттай оқу нысанында – 205 адам.
  8. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің саны – 111 адам, оның ішінде жоғары және бірінші санатты педагогтар — 56 адам (50 %).

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі Петропавл қаласының алғашқы кәсіби – оқу орындарының бірі болып табылады.

         Негізгі қызмет түрі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады, ол     2015 жылғы 17 сәуірдегі № KZ07LA00004634 сериялы Мемлекеттік лицензия және колледж Жарғысы негізінде жүргізіледі.

         Колледж «СҚО кәсіптік білім беруді дамыту» Қазақстан-Норвегиялық жобасының қатысушысы (2011ж.); «ТжКБ Институционалдық даму жоспары» бағдарламасы бойынша Халықаралық даму және қайта құру банкі грантының иегері (2012ж.; 2014 ж.). Халықаралық ынтымақтастық жобалары шеңберінде Норвегия, Ставангер қ., Франция, Париж қ., Германия, Ресей, Санкт-Петербург қ., Беларусь, Минск қ., Финляндия, Валкеокоски қ. бойынша басшылардың, оқытушылар мен ӨО шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары мен қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі құрылыс бөлімінің топтарында эксперимент режимінде жаңа модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу болып табылады (2012ж.; 2014 ж.).

Шеберханалар мен аудиторияларды қазіргі заманғы жабдықтармен және компьютерлік техникамен жабдықтау.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін колледждің жүзден астам басшылары, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ мамандары әзірлеген бағдарламалар бойынша деңгейлік курстық даярлықтан өтті.

         Мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін 2017 жылы мемлекеттік аттестаттау комиссиясы растады.

         «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі – 2018» облыстық байқауының қорытындысы бойынша колледж үшінші орынға ие болды.

         «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастырған «100 оқу құралы» жобасы аясында колледж оқытушылары 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының Ғимараттар мен құрылыстардың құрастырылымдары, Еденді орнату және барлық еден түрлерінің негіздерін орнату жөніндегі жұмыстар, Ғимараттарды техникалық пайдалану деңгейлік білім беру бағдарламасының модульдері бойынша төрт оқу құралын әзірледі.

Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестері – «Основание» ЖШС, «Севимсталькон» ЖШС, «Ремплазма» ЖШС, «Лира» ЖШС, «СҚО рестораторлар мен отельерлер ассоциациясы» ҚБ.

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионаттарының тұрақты қатысушысы. Шишкин Роман «Кірпіш қалау» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan -2017 Ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс Романға 2017 жылғы               14-19 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде, Абу-Даби қаласында өтетін «WorldSkills Competition 2017» халықаралық чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамына кіруге мүмкіндік берді.

Астана қаласының «Политехникалық колледж» МКҚК

  1. Жекеменшік пішіні: Мемлекеттік.
  2. Колледждің қатыстылығы: Астана қаласының Білім басқармасы.
  3. Мекеменің орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39.
  4. Сайт: www.polytech.kz
  5. Құрылған жылы: 1994 жыл.
  6. Директоры: Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы.
  7. Колледждегі студенттердің саны  — 1706 адам, соның ішінде іштей оқу пішіні бойынша  — 1484 адам, сырттай оқу бойынша — 222 адам.
  8. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің саны — 95 адам, соның ішінде жоғары және бірінші санатты оқытушылардың саны — 60 адам. (63,15 %).

Колледж соңғы 5 жыл бойы Ұлттық бизнес-рейтингтің нәтижесі бойынша «Орта кәсіптік білім»  аталымында «Саланың көшбасшысы – 2015» атағында ТОП-100 (алтын), «Білім сапасы үшін -2016 жылы» «Алтын сапа», «Инновациялар үшін -2017 жылы» аталымы, 2018 жылы Астана қаласы Білім басқармасының рейтингінде -1 орын, Астана қаласы Әкімінің  Гранты – 10 000 000 теңге иеленді.

 «Барлығына тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын тиімді іске асыру мақсатымен, оқу үрдісінде 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап,  1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»; 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтарында модульдік – құзыреттілік тәсілдің негізінде әзірленген деңгейлік сыналушы білім беру жоспарлары және ТжКБ бағдарламалары сыналып байқалды.

2013 жылдан бері студенттерді дуальді пішінмен оқытуға дайындау іске асырылып келеді. «Базис» ҚК ЖШС базалық кәсіпорнында – 100 адам жұмысқа орналастырылды. 11 сынып негізіндегі 1-2 курстардың 2 тобы оқуларын жалғастыруда. Бұл топтарды дуальді оқыту үшін 3 жақты шарт жасалды – 37 адам.

«Политехникалық колледж» МКҚК әлеуметтік серіктестік туралы шарттарды аймақтық озық қала түзуші кәсіпорындармен жасады, олардың шеңберінде  студенттердің өндірісте тәжірибеден өтуі ескеріледі, олар: АҚ «№1 Автобус паркі», «Astana Motors Premium» ЖШС; «TERRA MOTORS» ЖШС, «Казахдорстрой» Bi group ЖШС; «Mega Motors Astana» ЖШС, «Вastion Oil Service» ЖШС, ЖШС «Мицубиши Центр Астана; ЖШС «АВТО-ЦЕНТР САРЫАРКА», «Mercur Auto LTD»  ЖШС, «Mariba Group» ЖШС, «Hyundai Premium Astana» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «SUBARU-Motor-Astana» ЖШС, МТА «АРМАН -Тур», ТФ  «Саят», ЖШС «Вокруг света», «ЦЕНТР ТУР» туристік агенттігі; «SAAD- отель» (Марриотт) ЖШС,  «Astana Hotel Management» (The Ritz-Carlton Astana) ЖШС, «Redisson SAS Astana» отелі, «Ұлттық ақпараттық технологиялары» АҚ, «БАРК-Технолоджи» ЖШС, «New Age Technologies» АҚ, Service KZ», «Геоақпараттық жүйелердің Қазақстандық орталығы» ЖШС.

Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетімен 2020 жылы бакалавриат бойынша оқытуға мамандарды даярлау үшін Меморандумға қол қойылды.

Колледждің жанында келесі Қор Орталықтары: «KНАУФ», «Ингри», «BOSCH», «Технониколь» жұмыс істейді, бұл қосымша жұмысшы біліктілігін алу мүмкіндігін береді.

 WorldSkills Халықаралық қозғалысының құзыреттіліктері бойынша кәсіби шеберлік байқауын өткізуге колледждің қатысуы – 15 құзыреттіліктер бойынша өткізіледі.

 

«Алматы экономикалық колледжі»

 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

  1. Меншік нысаны: мемлекеттік
  2. Колледждің бағыныстылығы: «Алматы облыстық Білім басқармасы» ММ
  3. Мекеменің орналасқан жері: Алматы қ., Гоголь көшесі, 124
  4. Сайт: www.almec.kz
  5. Құрылған жылы: 1942
  6. Директоры: Қасымбек Жақсыбай Нұрлыбайұлы – т. ғ. д., профессор.
  7. Колледждегі студенттер саны – 1256, оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша 1170 адам, сырттай – 86.
  8. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер саны – 82, соның ішінде жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагогтар – 38 адам (46%).

Колледж миссиясы – инновациялық бәсекеге қабілетті қазақстандық экономиканы құру міндеттеріне сәйкес еңбек нарығы мен экономиканы біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз ету, оларды тиімді жұмысқа орналастыру, қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігі мен гүлденуін қамтамасыз ету мүддесіне орай білім алушылардың үздіксіз кәсіби және жеке тұлғалық өсуін қамтамасыз ету.

Ресми мәртебесі:

  • «Тағам өнімдерін өндіру технологиясы» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі;
  • «Орталық Азиядағы кәсіптік білім» халықаралық жобасын жүзеге асыру бойынша Германия халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету қоғамының (GIZ) серіктесі;
  • ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банктің грант иегері;
  • «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ  базалық колледжі және т.б.

«Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру барысында 2017-18 оқу жылынан бастап колледжде мамандықтардың модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ өзекті еткен үлгілік оқу жоспарлары бойынша мамандарды екі деңгейлі дайындау басталды:

  • 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»;
  • 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі»;
  • 1223000 «Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі»;
  • 1305000 «Ақпараттық жүйелер».

Колледжде технологиялық мамандықтар бойынша дуальді оқыту енгізілген.

Колледж серіктестері еліміздегі жетекші кәсіпорындар мен ұйымдар: «Ақсай» НТК ЖШС, «Беккер және К» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Нәзік» ЖШС, «CrowStar» ЖШС, «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Бірінші сыра зауыты» ЖШС, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «BUGIN GROUP» ЖШС және т.б. болып табылады.

«Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ бірлесіп, колледж оқытушылары мен сарапшы-ізденушілер жұмыс берушілер атынан қатысып, 1218000 «Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары», 1220000 «Қант өндірісі», 1223000 «Сыра, алкогольсіз және спиртті сусындар», 1230000 «Майлар және май ауыстырғыштар технологиясы» мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын өзектендірді.

Холдинг ұйымдастырған және өткізген біліктілікті арттыру курстарында 2015ж. бастап 48 ИПҚ оқудан өтті.

«Алматы экономикалық колледжі» МКҚК 2014 және 2015 жылдары 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығын институционалдық дамытуға және оның базасында ресурстық орталық құруға бағытталған ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банктің грант иегері болды.

Ұлттық WorldSkills Kazakhstan чемпионатының өңірлік және өңіраралық кезеңдерінде колледж келесі құзыреттер бойынша жүлделі орындарға ие болды:

  • «Желілік және жүйелік басқару»: І және ІІ орын (2014ж.), ІІ орын (2016ж.), ІІ орын (2018ж.);
  • «Графикалық дизайн»: ІІІ орын (2018ж.);
  • «Кондитер ісі»: І және ІІІ орын (2018ж.).

«Электротехника колледжі»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны

  1. Жеке меншік нысаны: Мемлекеттік
  2. Колледж қатыстылығы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
  3. Мекеменің орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Н.Морозова көшесі,141
  4. Сайт: www.eko.edu.kz
  5. Құрылған жылы: 1954 жыл
  6. Директор: Сарпеков Азат Толкынович
  7. Колледждегі студенттер саны-928, оның ішінде күндізгі бөлімде-704, сырттай бөлімде-224 адам
  8. Инженерлік-педагогикалық құрамдағы қызметкерлер саны-74 адам, оның ішінде,жоғары және бірінші дәрежедегі қызметкерлер саны-25 (34%), магистрлар-17 (23%)

2017 жылдан бастап «Барлық адамдар үшін  еркін кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру мақсатында, модульдік бағдарламаларды оқыту,эксперимент жүргізу тәртібінде мынадай мамандықтар оқытылады: 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)», 0910000 «Электр және электрмеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)», 1013000 «Механикалық   өңдеу,өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика»,  1302000 «Автоматтандыру  және басқару (бейін бойынша)»,  1403000 «Ішкі санитарлық –техникалық құрылғыларды,желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)», 1114000 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»,1203000 «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты  басқару». 2018 жылдың қыркүйегінен бастап  9 сынып негізінде 19 студент 1302000 «Автоматтандыру және басқару (бейін  бойынша)» мамандығы бойынша жаңа білім беру бағдарламасына кірісті. 2018 жылдың қыркүйегінде  колледж институционалдық және мамандандырылған  аккредитациядан өтті. Бұл мамандықтар экономиканың басым салаларының бірі-энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс- осы өңірдегі  қажеттіліктерін есепке ала отырып таңдалды. Колледжде дуалды білім беру жүйесі енгізілуде.Колледжде мамандарды даярлау үшін заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Колледж серіктестері  «ШҚАЭК» АҚ,   «ҚТЖҰК» АҚ,  «ӨК «Семей цемент заводы» ЖШС, «КЕGOG»,  «ҚТЖҰК» АҚ Семей электр дистанциясы филиалы,   «Жылукоммунэнерго»  КММ,  «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ, «СемАЗ» ЖШС,  «Daewoo Bus  Kazakhstan» ЖШС,  «Шығыс Қазақстанның ұн-құрама жем  комбинаты» АҚ.Жұмыс берушілермен бірлесе  отырып, модульдік-құзіреттілік бағыты ескеріліп,теориялық оқудың және кәсіби тәжірибенің  эксперименталды білім беру бағдарламасы өңделген. «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастыруымен және  өткізуімен  38 инженерлік-педагогикалық қызметкерлер біліктілігін жоғарлату курстарынан өтті. Колледжде  «Кәсіпқор» холдингінің  екі штаттан тыс жаттықтырушысы  қызмет етеді. 2017 жылдың 2-5 мамырында өткізілген WorldSkills Kazakhstan  Ұлттық  чемпионатының нәтижесі бойынша  «Мехатроника» құзіретінен  колледж  1 жүлделі орынды иеленді. Семей қаласында 2018 жылдың 4-5 сәуірінде  колледждің әлеуметтік серіктестерінің бірі   «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ  базасында кәсіби шеберліктің аймақтық сайысы- World Skills Shygys өтті, мұнда студенттер 31 жұмыс мамандығы бойынша  өздерінің шеберлігін көрсетті. Электротехника колледжінің студенттері келесі құзіреттер бойынша қатысты:  «Инженерлік графика», «Мехатроника», «Дәнекерлеу технологиясы», «Электрмонтаждау жұмыстары». Сайыс қорытындысы:

  • Лиманский Вильгельм мен Раисов Исажан (жетекшісі Керимов С.П) «Мехатроника» құзіреті бойынша жүлделі 1-орын;
  • Лобанов Никита (жетекшілері Нұрманов Н.Қ.,Смаилов Д.Н) «Инженерлік графика» құзіретінен 2-орын;
  • Какиев Жалғас (жетекшілері Мұратбекұлы О., Сапатай Д.А) «Дәнекерлеу технологиясы» құзіретінен 2-орын.

Бетцольд Александр мен Раисов Исажан  Астана қаласында 3-7 желтоқсанда өткен республикалық кезеңінде  «Мехатроника» құзіреті бойынша 1-орын иеленді. 2019 жылдың тамызында Бетцольд Александр мен Раисов Исажан   Ресей Федерациясының Қазан қаласында  өтетін әлемдік чемпионатта Қазақстан Республикасының намысын қорғайды.