Басшылық

02

Басқарма Төрағасы

Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы

Білімі: 1975 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогика институтының филология факультетін тәмәмдады.

Ғылыми атақ, дәреже: философия ғылымдарының докторы, профессор.

40 астам ғылыми жұмыстар мен 1 монография авторы.

Жұмыс өтілі:

Еңбек қызметін 1970 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Жамбыл облысындағы Красногорск ауылындағы техникумда орыс тілі және әдебиет оқытушысы, Жамбыл педагогика институтында орыс тілі және әдебиет әдістемесі кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқарды.

Алма-Аты ауыл шаруашылығы институтында әртүрлі қызметте жұмыс атқарды: оқытушы, аға оқытушы, жоспарлау-экономика факультативі деканының орынбасары және «Есеп және экономикалық кибернетика» оқу-ғылыми кешені директорының орынбасары.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне дейін Орталық Азия университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор болып жұмыс атқарды. 2002 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінде: бас маман, аттестация және аккредитация бөлімінің басшысы, Білім беруді мемлекеттік инспекциялау және мониторинг департаментінің мемлекеттік инспекциялау және лицензиялау басқарма басшысының орынбасары, Білім және ғылым саласындағы бақылау мен аттестация жөніндегі комитеттің Аттестация және аккредитация бөлімі басшысының орынбасары болып қызметтер атқарды.

2005-2007 жылдар аралығында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау мен аттестация жөніндегі комитеттің Қаржы және әкімшілік жқмыс басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды. 2007 жылдан бастап Стратегиялық дамыту департаменті директорының орынбасары. 2009-2011 жылдар аралығында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры, Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технология департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.

2011 жылдың мамыр айында Павлодар мемлекеттік педагогика институтының ректоры болып тағайындалды.

2016 жылдың наурыздан бастап «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

bimendina

Басқарма Төрағасының Орынбасары

Бимендина Әсима Темкеқызы

Омск педагогикалық институтын аяқтады.

Еңбек жолын 1977 жылдан бастап Омск облысының Павлоград ауданының Логинов орта мектебінде мұғалім болып бастады. Мектеп директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

1979 – 1983 жылдар аралығында Омск облысының Павлоград райком комсомолының хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс атқарды.

1983-1986 жылдар аралығында – Солтүстік Қазақстан обком комсомолының нұсқаушысы, Солтүстік Қазақстан Джамбул райком комсомолының бірінші хатшысы.

1986-1993 жылдар аралығында – Солтүстік Қазақстан облысының Джамбул, Возвышенка райком партиясының нұсқаушысы.

1993-1997 жылдар аралығында – Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенка аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі.

1997-1998 жылдар аралығында – ҚР СҚО Білім департаментінің бас маманы.

1998-2002 жылдар аралығында – Астана қ. «Алматы» ауданы әкімшілігінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, әкім орынбасары.

2002-2003 жылдар аралығында – Астана қ. Ішкі саясат департамент директорының орынбасары.

2003-2006 жылдар аралығында –  Астана қ. «Алматы» аудан әкімінің орынбасары.

2006-2013 жылдар аралығында – Астана қ. Білім басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдар аралығында – ҚР Парламент Мәжілісінің 5 шақырылым депутаты.

2016 жылдан бастап – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерей-той медальдарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Ы. Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды.

 

 

appayev

Басқарма Төрағасының Орынбасары 

Аппаев Сағат Әкімжанұлы

2002 жылы Тараз Мемлекеттік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдады, 2011 жылы «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық Бизнес Академиясында магистратураны аяқтады. 2014 жылы – «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылдан Тараз қ. «Қазфосфат» ЖШС заңгер қызметінен бастады. 2004 жылдың мамыр және желтоқсан аралығында «КUР – IV» ЖШС директоры болды, 2005 жылдың қаңтар мен 2006 жылдың қараша аралығында – Астана қ. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының орталық аппаратының координаторы, 2006 жылдың қараша мен 2012 жылдың сәуір аралығында – Астана қ. «T engineering Co» ЖШС директоры болып қызметтер атқарды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2012 жылдың сәуірінен бастап Құрылыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Мемлекеттік қызметтің «А» корпусына кадр резервіне тіркелді.

2013 жылдың қазанынан бастап – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

 

 

ahmetova

Басқарма Төрағасының Орынбасары 

Ахметова Айжан Төлеуқызы

2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2008 жылы «Болашақ» Президент бағдарламасы бойынша АҚШ, Monterey Institute of International Studies магистратураны аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаменті МҰ қаржы-келісім бөлімінің басты маманы болып бастады. 2008 жылдың тамыз айынан бастап ШҚО бюджеттік жоспарлау және экономика басқармасының инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап «ШҚО кәсіпкерлігі мен өнеркәсібі басқармасы» МҰ инвестицияларды тарту бойынша бөлімнің бас маманы болды.  2009 жылдың ақпан айынан бастап Астана қ. мемлекеттік басқару департаментінің сарапшы-талдаушысы, бюджеттік жүйе департаментінің жоба менеджері, «Үкіметке қарасты Ұлттық талдау орталығы және ҚР Ұлттық банкі» АҚ мемлекеттік басқарма департаментінің жоба менеджері болып қызметтер атқарды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-да 2011 жылдан бастап Жобаларды басқару департаментінің директоры, 2014 жылдың сәуір айынан бастап – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

 

 

 

fin

Басқарма мүшесіқаржы директор

Бекетова Айгуль Мәлімгерейқызы

Экономист-менеджер мамандығы бойынша Батыс Қазақстан аграрлық университетін аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылдың маусым айынан бастап Жәнібек ауданының қаржы бөлімінде қаржыландыру бойынша бас экономист қызметінен бастады, бас бухгалтердің орынбасары, бухгалтерияның бас маманы болып қызметтер атқарды.

1998 жылдың қаңтар айынан бастап 2005 жылдың қаңтар айына дейін Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының табыстарды жобалау және ұйымдастыру-талдау жұмыстары жөніндегі бөлімнің бас маманы, жетекші маманы, бас экономист және бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2005 жылдың ақпан айынан бастап 2007 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қ. Облыстық бюджетті жоспарлау және экономика департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылдың қазаны мен 2009 жылдың сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Облыстық бюджеттік жоспарлау мен экономика департаментін басқарды.

2009 жылдың сәуірі мен 2012 жылдың наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қаржы және экономика департаментін басқарды.

2013 жылдың қаңтарынан бастап – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қаржы директоры.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерей-той медальдарымен марапатталды.