«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2011-2015 жылдар аралығындағы қызметі

 

«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг)  Елбасының техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту мақсатындағы тапсырмасы бойынша 2011 жылы құрылды. Холдинг 100% мемлекеттің қатысуы бар ұлттық компания болып саналады. Қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Холдинг төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

  1. Холдингтің 2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясы анықталды.
  2. Холдингтің 10 шетелдік серіктесі анықталды (Халықаралық серіктес бойынша Герман қоғамы (GIZ), Халықаралық білім бойынша Америкалық кеңес, Оңтүстік Альберта технология институты, Канада (SAIT Polytechnic), Халықаралық білім бойынша Британдық Кеңес (British Council), Pearson Education Ltd, TAFE Directors Australia Inc, «Elettronica Veneta Spa» (Италия), «Specialized Petroleum Technologies LLC» (АҚШ), «Кәсіптік білім жөніндегі Республикалық институт» білім беру мекемесі (Беларусь Республикасы),Samsung Electronics).
  3. ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша Холдинг 2011-2015 жылдар аралығында 19 мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетті.
  4. Астана және Алматы қалаларындағы колледждердің мамандықтары анықталды (инженерия, АКТ, құрылыс және ТКШ, энергетика, туризм және ұонақ үй бизнесі, дизайн). Сұранысқа ие мамандықтар тізімі, білім алушыларға қойылатын талаптар, сонымен қатар жұмыс берушілердің сұранысына сай колледждердің МТБ қойылатын талаптар жасалды (1 мемлекеттік тапсырма). Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасына сай Холдингтің білім беру мекемелері Қазақстан Республикасы Ұлттық біліктілік шеңберінің 3-5 деңгей аралығындағы білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімнің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырды.
  5. 2014 жылы Астана және Алматы қалаларындағы жаңа колледждер құрылысы басталды (1 мемлекеттік тапсырма). Астана қ. территория алаңы 16,5 гектарды, Алматы қ. – 9,5 гектарды құрайды. Ғимараттардың әрбіреуінің алаңы 100 мың шаршы метрді құрайды.
  6. Қазақстандық жұмыс берушілердің талаптарына сай шетелдік серіктестермен бірге модульді тәсіл негізінде 45 білім беру бағдарламалары (2012 ж. – 12 бағдарлама, 2013 ж. – 14 бағдарлама, 2014 ж. – 11 бағдарлама, 2015 ж. – 8 бағдарлама) әзірленді (4 мемлекеттік тапсырма).
  7. Қазақстанда және шетелде Холдингтің әзірлеген жеті модульдік бағдарламасы бойынша 675 адамға (оқытушылар, өндірістік оқыту шебері және колледждер басшылары) арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды (4 мемлекеттік бағдарлама).
  8. 2013 жылы Атырау қ. «Apec Petrotechnic» Жоғары техникалық мектебі» (бұрынғы атауы – Мұнай-газ саласы үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық) (бұдан әрі – ЖТМ). ЖТМ құруға Канаданың SAIT Polytechnic тартылды. Шетелдік серіктестің және ЖТМ дипломдарды/сертификаттарды, сонымен қатар халықаралық сертификаттарды (British Council сертификаты, сертификаты GSE Systems – IADC WellCAP, IADC RigPass, IADC DIT Intro to Petroleum, IADC DIT Drilling Focus, IADC DIT Production Focus, Petroed – Completion Petroed, Introduction Drilling, Introduction Production, Introduction to Petroleum сертификаттары) алу арқылы 3 сұранысқа ие мамандықтар (Мұнай және газды өндіру технологиясы, Кен орынды пайдалану, Бақылау-өлшеу құралдары технологиясы және автоматика) бойынша 847 студентті оқыту жүргізілуде (6 мемлекеттік тапсырма).
  9. 2014 жылдың қыркүйегінде ЖТМ базасында «Мамандыққа кіріспе – алғашқы жұмысшы мамандығын алу» 10-айлық жобасын жүзеге асырды, аталған жобаға қаржылай демеу көрсеткен кен өндіру компанияларының («ҚазМұнайГаз»ҰК, «СНПС – Айдан Мунай») талаптары негізінде әзірленген бағдарлама бойынша әлеуметтік жағдайы төмен және мұнайшылар отбасыларынан шыққан тындаушылар білім алды.
  10.  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Астана қ. колледжінде жұмыс берушілердің («BI Group») қаржылай көмегі негізінде 2015 жылдың 02 қарашасынан бастап «Мамандыққа кіріспе – алғашқы жұмысшы мамандығын алу» жобасы шеңберінде WorldSkills құрылысшылар мектебінде 19 студент білім алды. Оқу қазақстандық және шетелдік оқытушыларды тарту арқылы 10 ай ішінде 3 мамандық (кірпіш қалау, сылақ және гипсокартон жұмыстары, плиткамен қаптау) бойынша ағылшын тілінде жүргізілді .
  11. Мұнай-газ, тау-кен-металлургия, туристік сала, машина жасау, құрылыс және ТКШ, АКТ – 6 сала бойынша түлектер мен жұмыскерлерді тәуелсіз салалық сертификаттау жүйесін енгізу бойынша институтционалдық модель құрылды (2 мемлекеттік тапсырма). Ақпараттық-сараптамалық зерттеу жүргізілді, оның шеңберінде 7 құзыреттілік бойынша ТжКБ жүйесін жамыту және жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірленді  (бірыңғай ұлттық кәсіптер классификациясының стандарты, қаржыландыру, жобалық қуатты дамыту, сапаны қамтамасыз ету жүйесі, ТжКБ жүйесіне ең үздік халықаралық тәжірибені енгізу, ТжКБ нормативтік-құқықтық негізді жаңғырту, рейтингтің бағалау әдістемесін құру) (1 мемлекеттік тапсырма).
  12. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған Жұмыспен қамту республикалық картасы негізінде оқуды аяқтаған студенттердің сұранысқа деген қатынасына сараптама жүргізілді.
  13. Қазақстанның WorldSkills халықаралық қозғалысына енгізу бойынша жұмыстар атқарылды (Қазақстан ұйымның 70-ші қатысушысы болып тіркелді). WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты 7 құзыреттілік бойынша жүргізілді, жеңімпаздар Казань қ. Worldskills ТМД чемпионатына қатысты (1 адам – 2 орын, 6 адам – 3 орын).
  14. Ұлттық құрам Сан-Паоло қ. (Бразилия) WorldSkills Competition халықаралық чемпионатына қатысты, оған 50 құзыреттілік бойынша 74 мемлекеттен келген 1189 қатысушы қатысты. Мемлекеттік есеп бойынша Қазақстан байқаудың 50 үздік мемлекеттер қатарына, ал Қазақстан қатысушыларының жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан 30 үздік мемлекеттер қатарына енді.
  15. Екінші бесжылдық индустрияландыру бойынша мамандарды даярлау мақсатында 10 базалық колледждердің ағымдағы жағдайы анықталып, сараптама жүргізілді (келісім шарт жасалды, мамандықтар анықталды, Даму стратегиясы әзірленді және біріккен жұмыстар жоспары бекітілді).
  16. 10 мамандық бойынша Холдингтің 20 білім беру бағдарламасын 2016 жылдың бірінші кезеңінде базалық колледждерге енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.
  17. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап ИИДМБ-2 бойынша мамандарды даярлау мақсатында Холдингтің білім беру бағдарламалары бойынша 1 базалық колледж (Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжі) оқытуды бастады.