Posted on

«Педагогтердің ІТ-құзіреттілігін дамыту және жетілдіру» бағдарламасы бойынша қашықтықтан біліктілікті арттыру курстары

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің тапсырмасын орындау шеңберінде «Talap» КеАҚ «Педагогтердің ІТ-құзіреттілігін дамыту және жетілдіру» бағдарламасы бойынша курстық оқытуды өткізуді жоспарлауда.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты – қашықтықтан оқыту шарттарында оқу пәндерін (модульдерін) оқытуға қажетті педагогтердің кәсіби ІТ-құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Қашықтықтан оқыту курсын 2020 жылдың 3 тамызынан бастап «Talap» КеАҚ сайтында өтуге болады.