Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның «Әрекетке бағытталған оқыту сабағын әзірлеу және өткізу» семинарына қатысуы

2
2016 жылдың 14 қарашада «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның қызметкерлері ҚР «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Әрекетке бағытталған оқыту сабағын әзірлеу және өткізу» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты. Семинарды Германияның Карлсруе қ. Технологиялық институтының профессоры Карл-Отто Дёббер өткізді.
Семинарда төмендегі сұрақтар:
– ТжКБ беру ұйымдарындағы сапа менеджменті
– әрекетке бағытталған оқыту сабағын жоспарлау
– оқытуды жоспарлау құрылымы: қойылған оқыту жоспарының параметрлерінен (курикулум) бастап сабақ фрагментіне, талдау мен жоспарлау мақсаты, қадамдарына (алгоритм) дейін
– сабақты жоспарлау үшін жеке қадамдарды бірге әзірлеу: макро деңгейден (оқыту жоспары) бастап микро деңгейге (сабақ барысын жоспарлау) дейін
– микро деңгейде сабақты жоспарлау моделін пайдалану
– сабақты жақсарту үшін микро деңгейде оқыту тәсілдері
– кішігірім топтарда жұмыстың кооперативті-рефлексті үлгіде, әрекетке бағытталған сабақ концепциясын өңдеу
– оқу жағдайы мен оқу фрагментіне жасалған жағдай
– таңдап алынған сапа критериі бойынша сабақты қадағалау схемасы
– оқуды жоспарлау бойынша жұмыс рефлексиясы қарастырылды.