Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

 

Баумуратова Диларам Бекбулатовна

Шымкент қ. М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа

технологиялар колледжі кафедра меңгерушісі

«Тalap» КЕАҚ штаттан тыс тренері

 

 

2020 жылғы 16 наурыздан бастап бүкіл әлем бойынша таралған эпидемиологиялықжағдайға байланыстыреспублика бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарықашықтықтан оқытуды қолға алды.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен оқытушы қашықтықтан өзара ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту түрі. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline» немесе «offline» режимінде өткізуге негізделген.

«Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер және т.б.).

 

 

«Offline» режимінде оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады (электрондық пошта, тапсырмаларды тағайындау, білім алушының өзі берілген тапсырмамен жұмыс жасауы).

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қашықтықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап SmartSnationCollege.kz порталында жұмыс бастаған болатынбыз. Оқу процесін ұйымдастыру үшін оқытушылар мен студенттерге электрондық платформаға кіруге жағдай жасалынған.Бұл тұрғыда қашықтықтан оқыту біз үшін қиындық тудырған жоқ. Қазіргі таңда оқытушылар өз міндеттерін қашықтықтан басқару режимінде орындап отыр,оқу-әдістемелік материалдарын, видеосабақтарын үйде отырып электронды платформаға ендіріп отыр.Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіліп жатыр. SmartSnationCollege.kz порталында студенттердің және оқытушылардың белсенділігін қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Мониторинг сілтемесі арқылы порталға қатысуы, тапсырмалардың жүктелуі және ашылуы саны тексеріліп отырады.

Сонымен қатаринтерактивтілікті арттыру үшін оқытушыларменбасқада тиімді жолдар қарастырылып түрлі акпараттық-комуникациялық технологияларды пайлалануда. Оқыту құралы ретінде видеосабақтар, дербес онлайн-жұмыс пайдаланылады. Біз «Google Classroom», «MOODLE», «Canvas»сынды жүйелерде күнделікті мәліметтерді тіркеп жинақтап отырмыз. Оқытушылар «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн режімінде теориялық-тәжірибелік сабақтарды түсіндіріп өтуде, бейнесабақтарды «Camtasia», «oСam», «Bandicam»бағдарламалары арқылы алдын-ала дайындап студенттерге таратып отырады.«Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері компьютерлерді қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін TeamViewer бағдарламасын жүйелі түрде тиімді қолдануда.

 

 

Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда колледж оқытушылары үшін «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамыныңәр-түрлі платформаларды жұмыс бойынша әзірлеген нұсқаулықтарының көмегі де айтарлықтай болып отыр. Барлық нұсқаулықтар тегін және барша оқытушылар мен студенттерге қолжетімді қылып www.kasipkor.kz сайтына орналастырған. Сонымен қатар мамандықтар бойынша бейнесабақтар сайтта жүктелген. Республика бойынша арнайы пән оқытушылары мамандықтар бойынша жасап шығарған бейне сабақтарымен бөлісуде.

Оқытушыларғаосы қиын-қыстау уақытта әдістемелік бағыт-бағдар көрсетіп отырған «Talap» КЕАҚ-ның жасап жатқан еңбектері үшін алғысымыз шексіз.

Қазіргі жағдайда басты мақсат – оқу процесін үзбеу, сондықтан осы бағытта оқытушылар, ата-аналар, студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы алға қойған тапсырмаларды орындаймыз деп сенеміз.