Posted on

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 желтоқсан – мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 28 жыл толды.

 

 

 

 

 

КЕАҚ «Кәсіпқор Холдингі»

Президенттің міндетін атқарушы

Күзенбаев Ермек Бақытұлы

 

 

 

 

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!