Posted on

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенттері» жобасы

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенттері» жобасы аясына жетті. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталынып, тізімі жарияланған.

Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құзыреттіліктерін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру мақсатында, колледждердің 100 үздік студенттерін танымалдыққа, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылды: колледж, аймақ және республика деңгейінде. Жоба аясында Холдинг сайтында TOP-100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS интернет-ресурсы құрылды, аталмыш интернет-ресурста аймақтық кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысуға өтініш беру үшін платформа орналастырылды.

Жобаның соңғы кезеңі колледждердің ТОП-100 студенттерін марапаттау TVET AWARDS болады, ол 2019 жылғы 19 желтоқсанда сағат 19.00-де жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласы, «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткізіледі.