Posted on

«Дуалды оқыту жүйесін дамытуда әлеуметтік серіктестердің ролі» конференциясы өткізілді

2019 жылғы 29 қарашада дуалды оқытуды енгізу тәжірибесін жалпылау және көрсету мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Сатпаев қаласы «Қазақмыс» корпорациясының техникалық колледжі базасында «Дуалды оқыту жүйесін дамытуда әлеуметтік серіктестердің ролі» тақырыбында Республикалық конференция өткізді.

Жұмыс барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жұмыс берушілер және Қазақстанның колледждерінен өкілдері қатысты.

Қазақмыс корпорациясының техникалық колледжінде оқу әдістемелік кабинеттер, зертханалар, оқу өндірістік шеберханаларына, оқу полигонына экскурсия жүргізілді.

Пленарлық отырыста кадрларды дайындауда тең жауапкершілік колледж және кәсіпорын қарым қатынасы, дуалды оқыту жүйесін енгізуде өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы сұрақтары қарастырылды.

Бірінші дискуссиялық сессия «Дуалды оқыту барысында кәсіпорындағы тәлімгер ролі» тақырыбында өткізілді. Онда өндірістік оқытуда тәлімгер жұмысын ұйымдастыру, тәлімгерлік арқылы болашақ білікті кадрлардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Екінші дискуссиялық сессия «Әлеуметтік серіктестік жағдайында интеграцияланған қызметтерді игеру» тақырыбында өткізілді. Дуалды білім беру әлеуметтік әріптестік жүйесін жаңғырту факторы және колледждердің теориялық практикалық қызметінің интеграциялануы сияқты мәселелер талқыланды.